Жігіттер өзара бақ сынасты

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_17_17-2021_5.JPGСәрсенбінің сәтті күні аудан орталығында "Жігіт сұлтаны"байқауы жоғары деңгейде өтті.


Байқаудың мақсаты-ең талантты және шыдамды жігітті анықтау. Бас жүлде және "Жігіт сұлтаны" атағы үшін 30 жасқа дейінгі 6 жас жігіт бақ сынасты. Байқауды Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Дәстүрлі "Жігіт сұлтаны" байқауы өзін ұлттық құндылықтарды насихаттаудың көрнекті және тиімді әдістерінің бірі ретінде көрсетті, деп санайды ұйымдастырушылар. Іс-шараның жүргізушісі Марат Шоңғалов атап өткендей: «Бұл ең алдымен патриоттық тәрбие, сондай-ақ, жастар біздің мәдениетті ұмытпайды. Бұл-қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының жалғасы. Жалпы ұлттық мәдениетті насихаттау, жастарға ата-бабаларымыздың өмір тұрмыс салтын жаңа ұрпаққа жеткізу үшін жасалып жатырған іс-шара. Біз бұл іске өз үлесімізді қосуымыз керек».
Жігіттердің барлығы іс-шараға жақсы дайындалған. Ептілік, күш, ақыл-бәрі ескерілді. Ең бастысы, сахна төрінде атадан қалған салт дәстүрлер көрсетілді.
- Бұл байқауды жыл сайын өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз, бұдан жастарға көп үлгі алуға болатынына көзіміз жетті,- дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылар спорт түрлері, қол күрес, қазақ күресінен бақ сынасты. Және өз өнерлерін ортаға салды, киім үлгілерін көрсетті, салт-дәстүрлер туралы түрлі сұрақтарға жауаптар дайындады.
Қорытынды бойынша бас жүлдені Юбилейный селосынының жас арланы Мәлік Бекқали қанжығасына байлады. Жүлделі бірінші орынды Тобыл тарланы Әділбек Қуантай иеленді. Жүлделі екінші орынға Әйет селосының намысын қорғаған Тұралы Орынбай ие болды. Жүлделі үшінші орын Красносельск селосының арланы Ақжол Зейнеловке бұйырды, бәрі де бағалы сыйлықтар алды. Қатысқаны үшін Береговойлық Касымбеков Айбек пен тобылдық Айбек Байдрахманов бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Әйет мешітінің бас имамы Ислам Шамғынұлы мешіт жамағаты атынан өз жүлдесін тапсырды. Аудандық жастар орталығы сол күні туған күнін атаған Береговой жігітіне өз сыйлығын тапсырды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане