Сенбілік жұмыстары - тазалық таразысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_16_16-2021_5.jpg«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.


Тазалықты жанына серік еткен мекеме қызметкерлері ауданда санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру, сенбілік жұмыстарын бастап кеткен еді.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
-Тазалық басқаға емес, бірінші кезекте өзіміз үшін керек. Сенбілік ұйымдастырылғанда ауыл адамдары көше тазалығына араласпақ түгілі аула-жайларын жинамай, үй тазалығынан аспай жатады. Тазалық жоқ жерде берекенің болмайтыны да анық. Қанша жерден сенбілік өткізіп, айналаны ретке келтіргенмен кейбір елге жаны ашымайтын, жандардың кесірінен кез келген жерде күл-қоқыстар қайтадан пайда болып жатады. Мұндай келеңсіз жайттарды болдырмау үшін баршамыз да тазалыққа оң көзбен қарап, бір кісідей атсалысқанымыз абзал,- дейді Әйет аулының әкімі Азамат Бердалинов.
Әрине, бұл барлық тұрғынның атсалысып атқаратын жұмысы. Тұрғындардың пікірі келесідей болды:
- Жалпы, ауыл тұрғыны ретінде айтарым, баршамыз ауылдың тазалығына көңіл бөлуіміз керек. Бұл тек әкімішілктің құзіретіндегі жұмыс емес екенін барша тұрғын түсінуі қажет. Әрбір отбасы өз аулаларын тазалап, қоқыстан тазартса, көшеміздің сәні кірері анық,- дейді ауыл тұрғыны А.Муратбаева.
Аудан көлемінде санитарлық-тазалық, көгалдандыру-көркейту айлығына байланысты жұмыстар жедел қолға алына бастады. Барша аудан халқы мен көптеген мекеме ұжымдары әр аптада болатын сенбілікке белсене атсалысып, көшелерді күл-қоқыстан тазартып, аяқ су жолдарын қыршып, ағаш көшеттерін отырғызудан бастайды деген ойдамыз. Бұл бағыттағы шаралар мұнымен бәсеңдеп қалмасы анық. Өткен аптада мекемелер алдын тазартуға біршама қызметкерлер сенбілікке шықты. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғаспақ. Сонымен қатар, алдағы сенбі, яғни, 24-ші сәуір күні «Бірге таза Қазақстан» атты акция аясында барша қызметкерлер сенбілік жұмыстарын өткізетін болады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Ауылдың тазалығы – баршаға ортақ іс. Оған тек жауапты мекеме қызметкерлері ғана емес, ауыл тұрғындары да атсалысқаны абзал. Жалпы, ауылдағы тазалық жұмыстарын жоққа шығарғымыз келмейді. Бірақ, әлі де жұмысты ширатып, атқарылар істің көп екенін айтқымыз келеді. Алдағы уақытта ауылдың тазалығына, көркеюіне ауыл тұрғындары бір кісідей бірлігі мен ынтымағын көрсетіп, атсалысатынына сеніміміз мол.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане