Берекелі көп ұлтты отбасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_17_17-2021_11.jpgҚазіргі таңда елімізде жүз отыздан астам әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Барлық ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі мен мәдениеті, әдет-ғұрпы бар.


Олар бір шаңырақ астында ынтымағы жараса ғұмыр кешуде. Бүгінде екі ұлт өкілінің шаңырақ көтеріп, интернационалдық отбасын құруы да қоғамымызда жиі кездесетін жағдай десек, артық айтқанымыз болмас. Діні мен тілі, түрі басқа болса да, тілегі бір. Осы ретте біз 1- мамыр – бірлік мерекесіне орай Тобыл кентінде қызмет жасап, бір шаңырақ астында халқымыздың әдет-ғұрпын берік ұстанып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан Федеренковтар отбасы жайлы сөз қозғауды жөн көрдік. Олар шағын көпұлтты мемлекет іспетті. Бірлік, достық, татулығы жарасқан көпұлтты отбасыларының бірі, берекелі жанұя.
Федеренков Александр Александрович Қостанай жедел вагон депосының ҚТЖ «Жүк тасымалдау» ЖШС бастығының орынбасары болып, Тобыл станциясында қызмет атқарады. Ұлты басқа болса да өзін қазақпын деп есептейтін отбасы қазақы салт-дәстүрді толық ұстанады. Александр мен Анастасия танымал интернационалды отбасылардың бірі. Бұл жанұяның шаңырақ көтергеніне 10 жыл. Жұптары жазылмай, бақытты ғұмыр кешуде. Отбасы Жанель, Алина атты екі қыз тәрбиелеп отыр. Александрдің әкесі орыс, анасы қазақ, ал жұбайы Анастасияның әкесі украин, анасы қазақ. Әр ұлттың отбасылық мәдениетімен құндылықтарын үйретіп, бойларына сіңіріп келеді. Александр Александрович қазақ тілінде еркін сөйлейді. Жанұя қазақ елінде бейбіт өмір сүріп жатқандарын бақытқа балайды. Жұптары жазылмай бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан көпұлтты отбасының алға қойған мақсаты көп. Олар ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз - деп біледі. Бүгінде олар, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетті еш кедергісіз насихаттауда.
Міне, татулығымен тартымды болып отырған Федеренковтер шаңырағының бүгінгі жай-күйі осындай. Барлық отбасы осылар сияқты болса, еліміздің іргесі де әрдайым мықты болмақ. Ендеше, өздерінің кішкентай әлемдерінде бақытты әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқан, берекесі мен бірлігі жарасқан отбасының шаңырағынан шаттық кетпесін деп тілейміз!
Александр мен Анастасияға алдағы жұбайылық ғұмырлары көптің сеніміне жарықшақ түсірместей болып, жарқын да нық, нұрлы да мағыналы түрде өмір сүруді нәсіп етсін! Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане