Өзбек мәдени орталығының көрінісі

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_17_17-2021_10.jpgҚазақстан қонақжай әрі көпұлтты мемлекет саналғанымен, бізбен біте қайнасып өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті жайлы аса көп біле бермейміз.


Елизаветин және Павлов ауылдық округтері бірлесіп биылдан бастап «Өзбек ұлтының» мәдени орталығын қолға алған.
Әрине, бұл орталық бұрыннан бәрімізге мәлім. Әрбір іс-шарада бас көрсететін бұл орталықтың жұмыстары жетерлік. Өзбек халқының тағамдары мен ұлттық нақыштағы киімдерін, ойындарын көрсетуден жалықпайтын Елизаветин ауылының мәдениет қызметкерлері биылда бұл жұмыстарын тоқтатпады. Өзбекстан Республикасында дүниеге келген Әсемай Төребаева өзбек халқының біршама дәстүрлерімен бөлісе кетті:
- Әрбір мерекелік іс-шараларда өзбек ұлтының салт-дәстүрлерін көрсетуге тырысамыз. Өзбектер қазақпен тарихы, тілі тамырлас, бауырлас ел. Өзбек халқына тән қасиет олардың қонақжайлылығы. Өзбек халқында қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады. Сондықтан, қазақ халқымен өзбек халқының ұқсас дүниелері жетерлік. Ұлттық тағамы бәрімізге белгілі-палау. Қазіргі таңда, палаудың 8 түрі бар. Ал, ерлер, әйелдер және балалардың киімдері көйлек, шалбар және шапаннан тұрады. Көйлек немесе «куйляк» туникаға ұқсас етіліп пішіледі. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді. Ұлттық киімдері тақия, үстеріне куйлак делінетін жейде, аяқарына иштон (шалбар) киеді. Аяқ киімдері өте жұқа былғарыдан тігіледі,- деп бөлісті Әсемай.
Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді.Түптеп келгенде, 1 Мамыр мерекесі елдің бірлігін одан сайын нықтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп тілейік!


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане