«Ауызашар қоржыны» таратылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_17_17-2021_8.JPGАудан мешітінің атқарар жұмысының бір бағыты көпбалалы аналарымызға, жерлестерімізге қайырымдылық жасау екендігі белгілі.


Сондықтан киелі орынның сондай-ақ, жамағаттың жұмысы Рамазан айында да барынша жандана түсуде.
- Ауданымызда ораза ұстап жатқан қарттар мен көпбала аналарға қасиетті Рамазан айында құрмет көрсетіп, ауызашар қоржындары таратылды. Шара үздіксіз атқарылады. Рамазан - қайырымдылық айы. Осы айдың берекетін баршаға сезіндіру біздің парызымыз, - дейді «Әйет» мешітінң бас имамы Ислам Хамзин.
Қазіргі уақытта қалыптасқан эпидахуалға байланысты мешіттерде ауызашарлар ұйымдастырлымайтындықтан осы шара жүзеге асып отыр. Бұл қайырымдылық шараларының дер кезінде орындалуына өңірдегі жанашыр әрі жомарт жандар өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Сондай-ақ, ауызашар қоржындарын таратуға мешіт шәкірттері және ерікті жастар көмектескен.Қамқорлықты сезінген бауырларымыз демеушілерге шынайы алғыстарын білдіруде. Жалпы ауданымыз бойынша 12 отбасыға азық-түлік пакеті үлестірілді. Алдағы уақытта қайырымдылық іс-шаралар жүзеге асатын болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане