Есептік сайлау жиналысы өтті

Партия филиалдарының сайланбалы органдарының (саяси кеңестер, саяси кеңестер бюросы және бастауыш партия ұйымдары бюросының (төрағаларының) өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты «Nur Otan» партиясы Бейімбет Майлин аудандық филиалының Май және Әйет бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы өтті.


Бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді: БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп, сонымен қатар, ауданның «Жол картасының» бірінші тоқсанда іске асырылуы туралы, төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда) туралы сұрағы, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Б. Майлин аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Аталмыш жиналыста бастауыш партия ұйымының төрағасы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстар ретімен таныстырды. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстарының есебіде көрсетілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане