Елі сүйген, елін сүйген

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_49_49-2018-9.jpgТұңғыш Президент күні Красносельск ауылдық кітапханасында «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» атты тақырыппен ұйымдастырылған дөңгелек үстел 6-сынып оқушыларының қатысуымен өтті.


Ауыл кітапханасында Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған тақырыптық кітаптар көрмесі әзірленген. «Мен бұл көрмеде балаларды Ұлт көшбасшысы Тұңғыш Президенттің өмірбаянымен таныстырдым. Қатысушылар Отанымызды қазіргі деңгейге көтерген көшбасшымыздың еңбегі туралы презентацияны да тамашалады», - дейді кітапханашы Сәрсенгүл Кожбанова. Дөңгелек үстел және белсенді талқылау барысында оқушылар сынып жетекші Сәуле Хасенованың сұрақтарына жауап бере отырып, қарапайым отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Әбішұлының қалыптасу жолының оңайлықпен келмегеніне, әлемдік тарихтағы ірі тұлғалардың бірі болып табылатынына көз жеткізді. Іс-шара соңында Красносельск елді-мекенінің бос уақытты өткізу орталығының мәдени ұйымдастырушысы Разиля Шұңғырбаевамен Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті «Весна на Заречной улице» әнін шырқау ұсынылды. Ұйымдастырылған дөңгелек үстел қатысушылардың азаматтық патриоттығын қалыптастырып, Президентіміздің өмірбаяны жайлы білімін кеңейтуге, өз еліміз бен көшбасшымыз үшін мақтаныш сезімін оятуға септігін тигізді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане