- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 26.08.2021 06:34
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 2622
24 - ші тамыз күні балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорттық залында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында жарыс өтті.
Жалпы жарыстың мақсаты- Бейімбет Майлин ауданында және Қостанай облысының өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты насихаттау, оларды үнемі спортпен айналысуға ынталандыру болып табылады. Жарыс нақты спорттың 2 түрі бойынша өткізіліп отыр. Аталмыш жарыс аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ауданның мүгедектер қоғамдығы өткізіп отыр. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбыдан турнир өткізілді. Жарысқа 30-дан астам адам қатысты.
- Кім жеңседе, бүгін барлықтарыңыз жеңімпазсыздар. Қатысып отырғандарыңыздың өзі ерлікпен пара-пар. Қазіргі таңда сіздер жастарға үлгі болып отырсыздар, өйткені, спортпен айналысуға құлшыныстары жоғарлайды деген ойдамыз-, деді қатысушыларға өзінің тілегін білдірген аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы М.Шұңғырбаев.
Қорытынды бойынша, жүлделі орындарға ие болған турнир қатысушылары медальдар, мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.