Тобылда алғаш рет жаңа қазақ мектебі ашылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_35_35-2021_10.JPGМемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің бірі мемлекеттік тілде оқытатын мектептің ашылуы - қазақ тілінің рөлін нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Елімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көптеген жаңа нысандар бой көтеруде. Құт дарыған Тобыл өңірінде тарих қойнауында тағы бір жаңа парақтың беті ашылды. Алғашқы рет жаңа мемлекеттік тілдегі мектеп есігін айқара ашты.


Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. Биылғы оқу жылының ерекшелігі-қазақ мектебі өз алдына жеке мектеп болып, өз жұмысын бастағалы отыр. Мектепке «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі деген атау берілді. Әрине, бұл Тобыл халқы үшін үлкен қуаныш. Биыл ұлы ағартушы даланың дара ұстазы, білім нәрін себуші Ыбырай Алтынсарин бабамыздың туғанына 180 жыл және Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Тобыл өңірінде арнайы қазақ мектебінің ашылғаны осынау мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Мектептің ашылу салтанатына Б.Майлин ауданы әкімі Қайсар Мыржақыпов, аудандық білім бөлімінің басшысы Алимбаева А.Т., Тобыл кенті әкімі Есмағамбетов А.Б. және ата-аналары катысты. Жаңа мектептің ашылуына шашу шашылып, Б.Майлин ауданы әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыпов барлық ата-аналар мен мұғалімдерді, оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, Тобыл кенті зейнеткері Зүбайра Шайкемелқызы Шайкемеловамен лента қию рәсімін жасады.
Мектеп жаңа оқу жылын 101 оқушымен бастағалы отыр. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 61,2 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға өсім бар. Мектептің материалдық-техникалық базасы толық жабдықталды.Спорт жабдықтары, кітапхана қоры жеткілікті.
Мектеп табалдырығын аттағалды отырған бүлдіршіндерге ақ жол! Міне, Әліппені қолға алып отырсыздар. Зейіндеріңіз ашылып, тек жақсы оқыңыздар! «Кел, балалар, оқылық!» деп Ыбырай бабамыз айтып кеткендей сіздерді білімге, оқуға шақырамыз. Білім күні құтты болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане