«Тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету - басты міндетім»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_15_15-2021_2.jpgТоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Қазақ халқының ұлы ғұламалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған екен.


Осы орайда тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушысы, «Новоильин жалпы білім беру» мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Қадірбек Хабылханнан тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырын біліскен болатынбыз.
- Ұлттық ойынды жаңғырту мақ­са­тында көптеген жұмыстар қолға алынып ке­ле­ді. Оның ішінде ауданымыздың өзінде тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарынан жастар мен ересектер арасында жарыстар жиі өткізіліп жүр. Жалпы ойынның ережесі мен ерекшелігін айтсаңыз?
- Тоғызқұмалақ ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отау­да тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез-келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты – неғұрлым көп құ­ма­лақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды ша­масы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады. Тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалады. Қазандарға ойыншылардың ұтыстары жазы­ла­ды.«Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін мең­гер­уі­не ықпал етеді және бабаларымыздың осал адам­дар болмағанына көз жеткізеді.
- Үйірмеге үзбей қатысып, жетістікке жет­кен шәкірттеріңіз бар ма? Жалпы жас­тар­дың ойынға қызығушылығы қандай?
- Әрине, жарыстарда біршама жүлделі орын алып жүрген шәкірттерім бар. Спорт мектептері арасында өткізілген сайыстардан жоғары көр­сеткіш көрсетіп келеді. Ойын туралы ақ­парат, жарнама жақсы айтылса, бұл ойыннан жа­рыстар жиі өткізілсе, әрине әрбір жастың қыз­ғу­шылығы оянады. Енді нақты, қандай жарыстарға барғанымызды айтатын болсам, облыстық чемпионаттарға жиі қатысып тұрамыз. Тағы айта кететін жәйіт, биылғы жылы оқушылардың үздік ойындарының нәтижесінде, ауданымыз тоғызқұмалақ ойыны бойынша үздік бестікке енді. Бұл көп жылдар бойы мақсат етіп келе жатқан жоспарларынымыздың бірі еді. Биыл міне, сол үздік топтар қатарына ендік. Ендігі мақсат үздік үштікке ену. Бұл қолымыздан келеді деп ойлаймын. Себебі, үйірмеге келетін әрбір баланың ынтасы мен қызығышулықтар және жауапкершіліктері жоғары. Биылдан бастап, бастауыш сынып балаларын алып, дайындап жатырмын.
-Қазір сізден басқа «Тоғызқұмалақ» үйір­ме­сінен дәріс беретін ауданда қанша жат­тық­тырушы бар?
-Қазіргі таңда мүмкін мектептерде шәкірт тәрбиелеп, дайындап жүрген жаттықтырушылар бар шығар. Әрбір жаттықтырушының өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Яғни, ойлау қабілеті ұшқыр, зерек жастар ғана біздің ойынды тез меңгеріп алып, одан міндетті түрде нәтиже шығарады.Сондықтан, тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету – басты міндетім.
- Отбасыңызда спортқа жақын жандар бар ма? Өнер қаннан дариды дегенге келісесіз бе?
- Отбасымда ұлымды тоғызқұмалақ ойынына дайындап жүрмін. Қазіргі таңда, үлкен биіктерге шығады деген үміттеміз. Дегенмен, бәрі алда. Алға қойған мақсаттарымызда жетерлік. Мүмкін тоғызқұмалақ ойынынан әлемдік чемпионатқа шығар деген ойдамыз. Мен барлық балаларға бірдей қараймын, менің ұлым немесе қызым деген бөлу жоқ менде. Барлық балалар менің қамқорымда. Сондықтан, әрбірінен үлкен үміт күтемін. Енді өнер қаннан дариды дегенді өзім қолдаймын. Себебі, әрбір шығармашылық таланты бар бүлдіршіннің қанынан дарыған өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі болып тұрады. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды ұялы телефонның экранына қаратып қоймай, үйірмелерге жіберулеріңіз керек. Себебі, әрбір бала болашақ чемпион, еліміздің үздігі болуға әбден лайықты. Атадан қалған мұраны жалғастырушы біз бен сіздің балаларыңыз.
-Сұхбатыңызға рахмет! Жұмысыңызға сәттілік! Шәкірттеріңіздің жетістігі көбейе берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане