Ауыл әкімдерінің есеп беруі жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_4_4-2021_2.jpgТұрғындар мен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі – есептік кездесу. Өйткені мұнда халық өңірдің дамуы, экономикалық жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден биліктің өз аузынан хабардар болады. Сондай-ақ, өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады.


Осындай маңызды жиында халық алдында 21-22-ші қаңтар күндері Белинский ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Көшеров пен Тобыл кенті әкімі Аманжол Есмагамбетов есеп берді. Биылғы жылы пандемиялық ахуалға байланысты ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері онлайн форматтында өтті. Жиынға қоғам белсенділерімен қатар ауыл ардагерлері қатысты.
Сонымен, жеке-жеке тоқталатын болсақ, Белинский ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Көшеровтің тұрғындар алдындағы бірінші есебі. Оның айтуынша, алғашқы есеп беру кездесуде ауызға алар бірқатар атқарылған жұмыстар баршылық көрінеді. Әкім 2020 жыл ішіндегі жұмыстардың қорытындысын айта кетті, сонымен қатар, негізгі көрсеткіштерді де атап өткен болатын. Мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын, округті абаттандыру бойынша өткізілген іс-шаралар, проблемалық мәселелерді және 2021 жылға жоспарларды халық алдында нақтылады. Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе,аудан басшысы Қайсар Мыржақыпов біршама ауыл тұрғындарынан қойылған сұрақтарға басты назар аударды. Атап айтатын болсақ, жақында жедел жәрдем көлігі сынып қалғандықтан, жөндеу керектігі бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл сұрақты ауданның орталық ауруханасының бас дәрігері Бекболат Уәлиев басты назарына алатынын айтты. Тағы да бір көтерілген мәселе ауылдық округтегі негізгі мектептің жылыту жүйесін жөндеу болды. Аудан басшысы бұл мәселені кеңінен қарастыру мақсатында, есеп беруден кейін мектеп ғимаратын қарап шықты. Алдағы уақытта белгілі болатын болады.
22-ші қаңтар күні Тобыл кентінің әкімі Аманжол Есмағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Тобыл кенті әкімі 2020 жылы кенттің даму қорытындысы туралы есеп беріп, дамудың негізгі көрсеткіштерін айта кетті. 2020 жыл бойы Тобыл кенті бойынша инфрақұрылымының дамуына 497 754,0 мың теңге сомасында қаражат бөлініп, игерілген. Әлемде кеңінен таралған короновирус пандемиясына қарамастан Тобыл кенті бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді,кент бойынша басты жетістіктердің бірі "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 157 315 600 теңгені құрайтын жалпы ауданы 31 430,6 м2 8 учаскедегі жолдарға орташа жөндеу жасалынды. Сондай-ақ, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы Тобыл дәрігерлік амбулаториясына жалпы сомасы 200 млн.теңгеден астам күрделі жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, Тобыл кенті әкімі алдағы жоспарларды да нақтылай кетті. Ең басты жоспарлардың бірі - Қостанай облысы әкімдігінің энергетика басқармасы жалпы сомасы 1 млрд.148 млн. теңгеге "Тобыл кентін газдандыру" жобасы бойынша смекталық жоба құжатын әзірледі және бүгінгі күні жобаны "ҚазТрансГазАймақ"АҚ-ға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде екенін атап өтті. Құрылыстың басталуы 2022 жылға жоспарланған.
Есептік кездесу соңында, тұрғындардан біршама сұрақтар келіп түсті. Тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарды атап өтсек, жазғы уақытта Тобыл кентінде су беру, шаңғы спортын дамыту, кентті газдандыру, қаңғыған иттерді ату, жолдарға асфальт төсеу бойынша жоспарлар,жаяужолдар төсемі және т.б. Қойылған сұрақтар бойынша аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді. Жалпы, екі ауылдық округтерде кездесу санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтаумен өтті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане