Қабылдауда өзекті мәселелер көтерілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_4_4-2021_5.jpg20-шы қаңтар күні аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыповтың жеке қабылдауы онлайн-форматта өтті.


Аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы ғимаратында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Аталмыш қабылдауда көтерілген мәселелер арасында Әйет ауылдық округінің әкімі Азамат Бердалиновке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Людмила Мальчевскаяға қойылған біршама сұрақтар қаралды. Нақтылап айта кетсек, жалғызбасты ана тарапынан қойылған тұрмыстық жағдай мәселесіне байланысты сұрақтар талқыланды. Алдағы уақытта оң шешімі табыларына сенім бар. Себебі, бұл мәселе ауыл әкімінің қарамағында болады.
Сонымен қатар, жер қатынастары бөлімінің басшысы Самат Жакуповке жер мәселесіне қарасты сұрақ келіп түсті. Ауылдық округтен жер беру туралы өтініш беруші мал шаруашылығын дамыту үшін аудан аумағында инвестициялық жобаны іске қосқысы келетінін мәлімдеді. Бұл сұрақ қазіргі таңда аудан жер қатынастары бөлімінің назарында болады. Аудан басшысы Қайсар Мыржақыпов жер беру, сонымен қатар, ауылшаруашылығымен айналысу мәселелерін ауыл әкімдерінің кезекті есеп беруінде де көтеруде. Қазіргі таңда біршама ауылдар тұрғындарының ауылшаруашылығымен айналысуына қолайлы болып отыр.
Сонымен қатар, малшаруашылығы бойыншада жүгінген тұрғындар болды. Лисаковск қаласының тұрғыны малшаруашылығын дамытуға субсидия алу туралы сұрақпен аудан басшысының қабылдауына жазылған. Аталмыш сұрақ бойынша қабылдауға қатысқан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Каргачинский мәселені өз бақылауына алып, көмек қолын созатынын жеткізді. Сондай-ақ, тағы бір өтініш берушіні спортпен шұғылдану үшін "Қайсар" СК-нің ашу не балама ұсыныстар мәселесі толғандырады. Бұл мәселені өз қарауына аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова алды.
Қабылдауға алдын ала жазылған тұғындардың негізінен жүгінген сұрақтары үй мәселесімен қатар, жер және спорт кешендерінің мәселелері, сондай-ақ мал шаруашылығы болды. Қабылдауға келген тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың тарапынан айтылған мәселелер бақылауында болатындығын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі жағдайға байланысты шектеулер кезінде жеке онлайн қабылдау мемлекеттік мекемелердің халықпен байланысты тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік беріп, тұрғындар мәселесінің шешілуіне сеп болуда.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане