Саяси қуғын-сүргін тарихы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_23_232024-16.jpg

Өткен күнге үңілсек, ұялатындай ештеңеміз жоқ. Бірақ жанды ауыртатын, жұдырықтай жүрегімізді езетін, жанарға жас үйіртетін нәубетті күндер бар. Күндер дейміз-ау, ашығын айтқанда қазақтың жартысынан астамын жалмаған, елім деген ерлерін қармаған жылдар бар.
ХХ ғасырдағы саяси репрессия мен ұлтты қырғынға ұшыратқан ашаршылық қай қазақтың болса да тұла бойын тулатып, жанын ауыртады. Репрессия мен ашаршылықтың қаншалықты зардап әкелгенін әрі оның себебі мен салдарын тарихшылар дәлелді дәйектерін келтіріп айтып жатыр, айта да береді.
1937 жылы Қиыр Шығыстан бір күнде 25 аудан қуғын-сүргінге ұшырады . Қазақстанға, яғни Оңтүстік Қазақстан, Арал, Балқаш, Қызылорда облысы, және Өзбекстанға қуғынға ұшыраған жандар жеткізілді.
- 14 жастағы анам ата-анасы және 12 жасар сіңілісімен Талдықорғанның Үштөбе станциясына әкелген.- деп бастады сөзін Тобыл тұрғыны Конкалова Антонина Павловна. – Тамақ, киімде жоқ адамдарды қыста боранда әкелді деп, анам айтып отыратын. Ол кісінің анасы, яғни әжем суыққа шыдамай қайтыс болған. Анамды әкесі тәрбиеген. Анам тұрмысқа шығып, алты бала дүниеге әкелген. Әкемізді репрессия кезінде Өзбекстанға жіберген.Ол сол жақта филология институтын бітіріп, Қазақстанға білімін тереңдетуге жібергенде анаммен кездесіп, үйленген. Анам ауыл шаруашылығында жұмыс істеді.Ал әкем мектепте сабақ берді. Мәскеу университетте оқуын бітірген Талдықарғанға келіп мектеп директоры болды. Көршілер қазақтар, жақсы адамдар болды. аштықты сезбедік. Қазақтар қонаққа шақырып, бір-біріне қамқорлық жасап, балалары бір үйдің баласындай бірге ойнап тамақтанып өмір сүрдік.Әлі күнге дейін көршілер, ауылдастарым маған үнемі хабарласып тұрады.
Антонина Павловна мектепті бітіріп, оқуға түсіп, филология институтын тамамдап, Шымкент қаласында жұмыс істеді. Онда Қостанай облысы Тобыл станциясының жігітімен танысып, Тобыл келіп, шаңырақ көтерген. Антонина Павловна екі ұл туды. Біреуі 1998 жылы қайтыс болды. Екінші ұлы Талдықорғанда отбасылы, төрт баласы бар. Антонина Павловна алғаш келгенде теміржол саласы бойынша курс бітіріп, теміржол станциясында кезекші болып 40 жыл жұмыс істеді. Қазір теміржолдың ардагері.
-1946 жылы тек төлқұжаттар берілді. Көбісі туған жерлерін қайта оралды.- дейді Антонина Павловна.- Ал корейлерге Отанына келген жерден кетуге тыйым салынды. Сондықтан біздің Отанымыз Қазақстан. Тек 1989 жылы кетуге рұқсат етілді. Мен осы жерде туып өстім, балаларым, немерелерім туған жері Қазақстан маған ыстық. Күйеуім қайтыс болды. Ол көп жылдар теміржол әскериленген күзетінде жұмыс істеді.
Антонина Павловна саяхатқа шыққанды ұнатады. Жазда Оңтүстікке барып тауға шығып, балалары мен немерелеріне қыдырып барады. Ал үйінде тоқу өнерімен айналысқанды ұнатады.
Қуғын сүргін жылдары ата-аналар, бауырлар, әпке-қарындастар, әйелдер, ұлдар, қыздар және басқа да отбасы мүшелері жаппай жер аударылып, темір торға тоғытылып, тозақ азабын тартты. Болашақта мұндай қайғылы жағдайды болдырмас үшін тарихтан сабақ алу керек. Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане