1-маусым балаларды қорғау күні мерекесі өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_23_232024-7.jpg

Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ.
Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып келеді.
Балалар мерекесіне ерекше назар аударылып, жаймашуақ жаздың алғашқы күнінде Тобыл кентінде Тобыл «Altyn Jastar» жастар ресурстық Орталығы мен «Думан» Мәдениет үйі ұйымдастыруымен орталық алаңда мерекелік алуан түрлі іс-шаралар өткізілді. Тобылдық кішкентай бүлдіршіндер мен жасөспірімдер көңілді концерт тамашалап, аниматорлармен қызықты сайыстар өткізілді. Белсенді балаларға аудандық Жастар ресурстық орталығынан мадақтамалар мен сыйлық табысталды. Спорттық ойындар жане лотерея ойнады. Балалар асфальтта сурет салып, тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Мерекелік шарада Тобыл әкімі А.Есмағамбетов кент тұрғындарын, балаларды мерекемен құттықтады. Ерекше қуаныш пен мейірімге толы бұл шуақты мейрамның маңыздылығына, балаларға деген қамқорлық тек мереке күні ғана емес, үнемі көрсетілуі керектігіне тоқталып, жас бүлдіршіндерге зор денсаулық, баянды болашақ тіледі.
Новоильин ауылы орталығында да 1-маусым Халықаралық балалар күні мерекесіне орай, мерекелік іс шара өтті. Шарада сөз алған Новоильин ауылы әкімі А.Калакпасов жиналған жұртшылыққа мерекеге орай жылы лебізін жеткізіп, белсенді балаларға алғыс хаттар табыстады. Балалар Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздары концертін тамашалады. Тобылдың «Altyn Jastar» жастар орталығының ұйымдастыруымен аниматорлармен ойындар ойнап, би билеп, спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Бұл қызықты да думанды шаралар балалар мен жас бүлдіршіндер үшін есте қаларлық және ұмтылмас сәттердің біріне айналары сөзсіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане