Домбыра - ұлттың жаны

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_27_27-2022_1.jpgӘлдилeгeн әнiнeн күмбipлeгeн күйiнe дeйiн тұнып тұpғaн ұлттық caнa-ceзiм бoяуы ciңгeн өнep құдipeтi, көнe acпaп – дoмбыpa. Apaғa бipaз жылдap caлып, қaзaқ дoмбыpacының aбыpoйын, pухaни өpeciн, ұлттық бoлмыcтың aжыpaмac бөлiгi eкeндiгiн epeкшe түйciнiп, түciнe қaбылдaп, мәpтeбeciн қaйтaдaн биiктeтiп кeлeмiз.
«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды,жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі», - дейді Ахмет Жұбанов. Белгілі қазақ композиторының қанатты сөздері күмбірлеген қара домбыраның сан ғасырлық тарихын әспеттесе керек.
Ұлттық аспап домбыраға құрмет еліміздің өңірінде бұрыннан ерекше. Мәселен, соңғы жылдары орта мектептер үзіліс кезінде дәстүрлі қоңыраудың орнына шертпе және төкпе күй әуендерін жаппай пайдалана бастаған.
Ауданымыздың « Балалар өнер мектебінде» 25 ке жуык окушылар домбыра үйірмесіне қатысады. Оқушылырымыз ұлттық өнерді бойына сіңіріп, домбыра аспабын үйрене отырып, концерттер мен байқауларға да қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап өтсек, Костанай, Рудный, Лисаковск қалаларында Аманбаева Жанерке, Досынбай Нұрасыл, Бурбаева Арина, Бахытжанов Темірлан өз өнерлерін көрсетті.
Ұрпақ бойына рух дарытып, қазақтың кім екендігін танытатын домбыраның қадір-қасиеті жыл сайын арта бермек. Домбыра - бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане