Мемлекеттік қызмет-халық сенімі

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_24_24-2021_6.jpgХалыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.


16 жылдан астам уақыт мемлекеттік қызметті жұмыс атқарып келе жатқан жан,өз ісінің маманы туралы сөз етпекпіз. Айслу Кужахметова, Новоильин ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы. Бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс атқарып жүргеніне 16 жылдам астам уақыт өткен. Өзінің жұмысына әрқашан жауапкершілікпен қарайтын Айслу Амантайқызы ұжымда үлкен құрметке ие екенін байқадық.
- Мемлекеттік қызмет деген менің түсінігімде – Отанға қызмет ету. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер бола отырып, елімнің алпауыт мемлекеттермен иық теңестіре алуына қызмет етіп жүргеніме, өзімнің тамшыдай болсын септігімнің тиіп жүргеніне қуанамын. Қуанышым өзге адамдарды түсіну, жұмысқа деген махаббат, мол жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс істеу сынды қарапайым қағидаларға сүйенген. Аталмыш қағидалардың барлығын өз қызметімнен тауып та жүрген жанмын. Өзімнің және әріптестерімнің мемлекетіміздің өркендеуіне қызмет етіп жүргендігі қуантады. Мемлекеттік қызметкер болғаным үшін мақтанамын. Бұл – менің таңдауым, бұл – менің жолым!
Мемлекеттік қызметші үнемі өзіне мынадай сұрақтарды қоюы керек: Мен өз әріптестеріме және азаматтарға әділетті әрі адал қарым-қатынас жасаймын ба? Мен қоғамның биік сенімін ақтау үшін қандай болуым керек? Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс деп ойлаймын. Және осы сәтті пайдалана отырып, Сіздерге Қазақстан халқына қызмет етудің игі ісінде табыс, жақсылық пен бейбітшілік, даналық пен шыдамдылық тілеймін!,- деп, жылы лебізін білдірді.
Еліміздің барлық мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің әлеуетінің артып, қарыштап дамуы үшін аянбай қызмет атқарып, биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане