Ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну - бүгінгі ұрпақ парызы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_22_22-2020_3.jpgXX ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті, тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді.


Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Олардың қатарында екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері болды.
1941 жылы Кеңестер одағының Еділ өңірі мен Поволжья аудандарын мекен еткен немістерді күштеп жер аудару туралы құжатта: “Поволжья ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында Кеңес одағының жауы болған Германия үшін жұмыс істейтін мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Поволжья ауданында төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл құжат сол себепті қабылданып отыр”,-деп айтылады. Сол жарлықтан соң іле-шала Краснодар өлкелеріндегі Әзербайжан, Армения, Грузияда тұрған немістерді Қазақстанға эшолон-эшолонмен әкелді.
Людмила Андреевна Киль 5 жасында сіңлісі мен шешесі үшеуін үйлерінен комендант келіп, жер аударылғандармен бірге машинамен пароходқа, одан поезға отырғызып, канша жүргені белгісіз, тізім бойынша, Тобыл станциясына түсірген. Шешесінің ұлты неміс, мамандығы есепші болса да, жұмысқа алмай, қара жұмыс істеп күн көрген. Балалық шағындағы бастарынан өткен небір қиындықтарды есіне алып, көзіне жас алды. Людмила Андреевна өсе келе теміржол бойына жұмыс жасап, тұрмысқа шыққан. 1 ұл, 1 қыз және немерелері бар. Людмила Андреевна 40 жылдай теміржол саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан.
84 жасқа келсе де, ширақ қимылдайтын, Людмила Андреевна Киль елімізде бейбітшілік пен ұлттар арасында бірлік тілеп, бізді шығарып салды.
29 мамыр күні «Думан» Мәдениет үйі мен селолық кітапхана бірлесе отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және Қазақстанның бар­лық аймағында респуб­ликалық деңгейде ата­лып өтіп жат­қан бір жылы дүниеге келіп, бір жылда репрессия құрбаны болса да, қазақ әдебиетіне тең­дессіз үлес қосып кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жан­сүгіров және Бейімбет Майлин- үш бәйтерегіне арналған «Үш арыс» атты кітабымен таныстырылды. «Үш арыс» кітабы осы дәстүрді қайта жалғап, өткен ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі белгілі отандық суретшілердің нәубет құрбаны болған Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармаларын оқи отырып салған туындыларын осы кітап-альбомға жинақтаған. Жобаның ерекшелігі – әде­би туындыны қылқалам ше­берінің көзімен тану, көр­нек­ті жазушының әдеби шы­ғар­маларын көркемсурет, кес­кін­деме өнері арқылы паш ету.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане