Қызы Назымның арманы орындалды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_5_5-2018-3.jpgЕлорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне де биыл 20 жыл толыпты. Еліміздің бас қаласын көруге барудың өзі арман десек, артық айтқанымыз болмас. Осынау ғажап өңірге бірі достарымен, енді бірі отбасымен жиналып барады. Жақсылық Шынуар мен Біржан Сағылған да бала-шағасымен әсем қаланы тамашалау үшін арнайы барған екен.

 

«Қазақ елінің Астанасы, расымен де, керемет! Жаңа Астанада бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап, көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар сияқты. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйі - бәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе, алаңқайларға  егілген, қазақша өрнекпен бейнеленген қызылды-жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашан да кетпейтін шығар», - дейді отағасы Шынуар.

Үй иесінің зайыбы Біржанның айтуынша, Астанаға бару тұңғышымыздың арманы еді. Ал, жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келен қазақ баласына тән қасиет қой. Осылайша, олардың қызы Назымның да арманы орындалды, кенжелері Бейбарыс та көріп қайтты. Отбасы мүшелеріне күллі Қазақстанның нышанына айналған «Бәйтерек» пен «Қазақ елі» мемориалды кешені, сауда және ойын-сауық орталығы «Хан шатыр» мен «Отан Ана» кешені ерекше әсер етіпті. «Астана көшелерінде орын алған декоративті мүсіндерді көріп, естелік суретке түспей кету мүмкін емес», - дейді Біржан мен Шынуар.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане