Ринат, жеңісің құтты болсын!

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_49_49-2018-16.JPGҚарашаның 19-ы күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс орталығында 7-8-сынып оқушылары арасында физикадан жасөспірімдер олимпиадасы өтті.


Қостанайда өткен олимпиадада облысымыздың 16 өңірінен 35 бала қатысты. Біздің ауданымыздың атынан Притобольск негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Артем Алексеев және Б.Майлин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Ринат Турумов ең үздіктердің білім бәйгесіне қатысып, Таран ауданының абыройын арттырды. Физика пәні бойынша зияткерлік сайыстың нәтижесі бойынша Ринат өте жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, Қостанай облысының 7-сынып оқушылары арасында жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Атап өту керек, бұл Ринаттың алғашқы жетістігі емес. Ол биыл жасөспірімдер олимпиадасының физика пәні бойынша ғана емес, математика пәні бойынша да жүлдегер атанды. Талапты Ринатты айтулы жеңісімен құттықтап, табыс пен жоғары жетістіктерге жете беруін тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане