Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын тарандықтардың басым көпшілігі, соның ішінде аудандық орталық аурухана ұжымы да тікелей эфирде тыңдауға мүмкіндік алды.
Қазақстан халқына жаңа Жолдауын арнаған Елбасы тәуелсіздік жылдары атқарылған қыруар жұмыстар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз қалағанын мәлімдеді. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында біздің Отан әлемдік кеңістікте өз беделін арттырып келеді. Экономикасы қарқынды дамыған елде азаматтардың да өмір сүру сапасы жақсарып, негізгі салаларды өркендетуге бағытталған бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру одан әрі жалғаса бермек. «Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын», - деген Елбасының сөзін естіген медициналық қызметкерлер шапалақ ұрып, бір марқайып қалды. Қуанбай қайтсін, ақша билеген қазіргі нарық заманында мұндай жалақы қай «тесікке жамау» болсын? Өкінішке орай, ең төмен еңбекақы алатын қызметкерлер аталмыш салада ғана емес, өзге салаларда да бар. Жұмыс бабымен ұжымның жүз пайызы да Жолдауды тамашалай алмағанымен, жиналғандар көшбасшымыздың осы жолы халықтың табысы мен тұрмыс сапасына мән бергеніне риза болды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саладан өзге бағыттарда да тың жұмыстардың атқарылу қажеттігін атап өтті. Медицина, білім, туризм, мемлекеттік қызмет және инфрақұрылымға басымдық берді. «Бүгін әрбір қазақстандық үшін тарихи оқиға деп ойлаймын. Елбасы Жолдауында айтылған әрбір тармақ – егемен Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталған тарихи іргетас. Біз Елбасы сенімін ақтап, осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет», - дейді аудандық мәслихат депутаты Айбатыр Ахметбеков. Айта кету керек, аудан әкімі Қуандық Испергенов бастаған аудан активі, депутаттар да аудандық әкімдіктің үлкен залында жиналып, өзіндік ой түйді.
11.12.2025 10:43

5 декабря в спортивном комплексе п. Тобол состоялся тринадцатый по счету ежегодный республиканский турнир по дзюдо среди юношей и девушек...
11.12.2025 10:42

Работа на земле не знает пауз: один сельскохозяйственный год сменяет другой, оставляя после себя результаты, рожденные упорством, знаниями и ежедневным...
11.12.2025 10:33

Проведен ряд выездных встреч с жителями, посвящённых вопросам религиозного просвещения и укрепления и соблюдения норм законов, регламентирующих религиозные нормы и...
11.12.2025 10:32

Тобыл кентіндегі «Ажар» мешітінде жаңа имамның қызметке тағайындалуына байланысты жиын өтті.Жамағатқа жаңа имамды Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінің наиб...
11.12.2025 10:31

В рамках плана работы депутатской фракции 8 декабря состоялось выездное заседание членов фракции депутатов маслихата района Беимбета Майлина по объектам...
11.12.2025 10:30

В конце прошлой рабочей недели еще в четырех сельских округах прошли отчетные встречи акима района Кайсара Батырхановича с жителями. В...
11.12.2025 10:29

В районе Беимбета Майлина состоялась ежегодная встреча руководства АО «Варваринское» с населением. Руководители предприятия рассказали о результатах работы за год,...
11.12.2025 07:44

Құрметті аудан тұрғындары!Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніменшын жүректен құттықтаймын!Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Тәуелсіздік – халқымыздың ең басты...
11.12.2025 07:43

Уважаемые жители района!От всей души поздравляю вас с Днём Независимости Республики Казахстан!Президент страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев подчёркивает, что Независимость является...
09.12.2025 09:16
МНЭ, Национальный банк и АРРФР завершили серию совещаний по разъяснению Программы совместных действий на 2026–2028 годыМинистерство национальной экономики, Национальный банк...
09.12.2025 09:14
ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық банк және...
05.12.2025 08:00

Спустя десять лет после подписания Соглашения о расширенном партнерстве и сотрудничестве между Казахстаном и Европейским Союзом наши отношения приобрели характер...
05.12.2025 07:58

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және...
04.12.2025 14:06

Исполнение поручений Главы государства по развитию инфраструктуры на селе получает реальное воплощение. В районе проведена работа по установке антенно-мачтовых сооружений...
04.12.2025 12:30

В столице нашей страны впервые в расширенном формате прошла диалог-платформа сельских акимов с участием Главы Государства. Президент Касым-Жомарт Токаев озвучил...
04.12.2025 12:29

В сельских округах района с 1 по 4 декабря проходят отчетные встречи акимов с жителями, в ходе которых акимы рассказали...
04.12.2025 09:21

Первый корпоративный конкурс профмастерства среди представителей рабочих профессий Solidcore Resources прошел в Лисаковском техническом колледже. В нем участвовали специалисты трех...
04.12.2025 09:20

10 ноября 2025 года в правила дорожного движения внесены изменения и дополнения. Изменения вступят в силу 23 ноября 2025 года....