Ұлттық бағдарламалар шеңберінде не ұйымдастырылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_37_37-2018_8.jpg«Дені сау отбасы – дені сау мемлекет», «Жол қозғалысы ережелері – қауіпсіздік негізі» ұлттық бағдарламаларының шеңберінде қыркүйектің 1-і мен 10-ы аралығында ауданымыздың мектепке дейінгі мекемелері мен білім беру мекемелерінде бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Толығырақ біздің материалымыздан оқи отырыңыз.


Аудандық орталық аурухананың ақпаратына сүйенсек, халықтың ақпараттылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатымен он күннің ішінде тақырыптық сабақтар, сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, семинар-тренингтер, ашық есік күндері, сауалнамалар жүргізілген. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі механизмі әкімдіктің, денсаулық сақтау мекемесінің, алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін ұйымдардың бірлескен қызметімен байланысты екендігін атап өту керек.
Мемлекеттің гүлденуінің басты факторларының бірі сау отбасы болып табылады. Сау отбасы дегеніміз не? Дәл осы негізгі сұраққа жауап бере отырып, балалардың салауатты өмір салтының дағдыларын сақтауға, өз денсаулықтары үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, топтағы жұмыс дағдыларын, коммникативтік, шығармашылық қабілеттерді, зейінді өзін-өзі ұстау және араласу мәдениетін дамытуға ғана емес, олардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрысын, жол жүру ережелерін меңгеруге, бар білгендерін күнделікті өмірде қолдануға үйретуге себептес болған, түрлі форматтағы іс-шараларды қызықты, креативті өткізуге жанын салған медицина саласының қызметкерлерінің еңбегі зая кеткен жоқ. Қатысушылардың айтуынша, зиянды әдеттердің алдын алуға арналған сынып сағаттары барлығына да ұнаған көрінеді. Әсіресе, олардың балалардың, жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптық бейнероликтер мен презентациялар көрсетуі, арнайы әзірленген кеңес-жаднамаларды таратуы ұйымдастырушылардың әр шараға жауапкершілікпен қарағаны емес пе? Медицина қызметкерлері кездесулерде өскелең ұрпақ денінің саулығы мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі екендігін әр баланың санасына түйіп бергендей. Өйткені, салауатты өмір салты ұлт денсаулығына ықпал етеді.Басты байлық денсаулық, қоғамдағы әр адамның денсаулығы – мемлекет байлығы. «Елім бай болсын десең, денің сау болсын!» деп халқымыз бекерден-бекер айтпаған болар.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане