Тобылда Отан қорғаушылар күніне концерт өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_19_192024-9.jpg

7 мамыр- жарқын және шуақты күнде Отан қорғаушыларымызды бұлтсыз көк аспан астында құрметтейтін ұлы мереке. Біздің әскери, тәртіп сақшылары мен арнайы қызметтердің басты миссиясы – елде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау.
Күш құрылымдары-бұл біздің шекарамыздың қауіпсіздігі. Бұл мереке жалпыхалықтық мереке деуге болады. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірінің күзетінде тұрған әскери қызметкерлер мен сарбаздардың Отан қорғаудағы үлесі орасан зор екені айтпаса да түсінікті.
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне орай «Ер-ел қорғаны» атты мерекелік концерт өтті. Мерекені Тобыл кенті әкімі Б.Есмағамбетов құттықтау сөзбен ашып, Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай көп жылғы адал еңбегі үшін, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін, бірқатар еріктілерді және азаматтарды аудан әкімі және Тобыл әкімі атынан марапаттап, Алғыс хат табыстады. Мереке «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздар ұжымының концертімен жалғасты. Отан қорғаушы күніне арналған концертті тобылдықтар зор ықыласпен тамашалап, қошеметтеп отырды.
Еліміздің тыныштығын қырағы қорғап отырған бүкіл әскерилерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз және Жеңіс күнімен бүкіл ардагерлерді, еліміздің тәуелсіздігіне, еліміздің тыныштығына қызмет еткен бүкіл азаматтарды құттықтаймыз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане