«Спорт-денсаулық кепілі»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_6_6-2021_7.jpgАпта бойы жалғасын тапқан челлендж әрі қарай аудандар мен қалаларға жолданатын болады.
Аталмыш іс-шара «Денсаулық күні» акциясы аясында жүзеге асқан болатын. Акцияның жалғасын челленджбен жалғастыру КВИ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық штаб төрағасының орынбасары Назгүл Манасованың бастамасымен өтті десек болады. «Спорт-денсаулық кепілі» деп айтып жатамыз, расыменде, ауданымызда жүзеге асқан бұл акцияның қазіргі таңда үлкен пайдасы тиді деп айтуға болады. Себебі, барлық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері карантиндік ережелерді сақтап, өз мекемелерінде, тіпті спортшылармен бірігіп шаңғы, коньки теуіп денелерін шынықтырды. Бұл челлендж Рудный қаласына жіберілді, алдағы уақытта көршілес қаладан жауап ретінде спорттық челлендж күтетін боламыз.
Нақтырақ айтатын болсақ, «Тілдерді оқыту орталығында» шахмет және дойбы ойындары ойналды, ал, Е.Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі басшысы мен қызметкерлері, аудан әкімдігінде қызметкерлер мен билік өкілдері дене шынықтыру жаттығуларын жасаса, спортшылар мен әр саланың мамандары таза ауаға шығып шаңғы тепті және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокспен балаларымыз шынықты.
Аталмыш челленджі әлеуметтік желілерден #пандемияданкейін #пандемиясабақтары #районБеимбетаМайлина хештегтері арқылы қарасаңыздар болады.
- Бүгінгі таңда елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты барлық қазақстандықтарға үйден шықпай, темірдей тәртіпке бағынып, сақтық шараларын қатаң қолданғанды жөн деп санаймын.
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел- құл болмайды». Сондықтан, барша қазақстандықтарымызды мемлекетімізде жарияланған тәртіпке бой сындырып, өздерінің және жақындарын вирустан сақтауға (маска, қолғап, антисептик қолданып) барша мүмкіндігімен атсалысуға шақырамын. Сақтық шараларын қолдану керек. Ең бастысы, сіздер мен біздердің және жақын жандарымыздың сақтығы үшін тәртіпке бағынуымыз қажет. Әлемді жайлаған жаман ауруды жеңіп, аздаған сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенемін. Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, сергектік, күш-қуат, амандық тілейміз,- деді КВИ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық штаб төрағасының орынбасары Назгүл Манасова.
Сонымен қатар, спортшылар отбасыда таза ауада жүгіруді мақсат еткен.
- Пандемия кезінде біз әртүрлі онлайн жарыстарға қатыса бастадық. Онлайн марафондардағада қатысып жүрдік.Отбасымызбен бірге көп уақыт өткізе бастадық. Біздің денсаулығымыздың баға жетпес екенін және оны қолдауға міндеттіміз деп есептейміз. Пандемияға дейін және одан кейін бізде өзгермеген нәрсе-бұл кешкі және таңғы уақытта жүгіруді жақсы көру. Пандемияға дейін біз жұбайымызбен бірге жүгірдік, пандемия кезінде де жүгіреміз. Біз көбінесе саябақта жүгіреміз, себебі қазіргі таңда бұл өте пайдалы екені рас. Өзіңізді және отбасыңызды қорғаңыз!,- дейді Юдин отбасы.
Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане