Тобылда Рәміздер күні аталып өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_23_232024-8.jpg

Көк туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбынды ел ретінде бүгінгі мерекенің орны ерек.
Рәміздер - патриотизмнің, Отанға деген махаббаттың, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген терең құрметтің негізгі белгісі. Мерекеге орай Тобыл орталық алаңында Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды. Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Жиналғандарға «Елдіктің нышаны болған-Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздерді қадірлеп, қастерлеу керектігі насихатталды. «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Рәміздер күніне арналған "Рәміздер мақтанышым" атты мерекелік концерт өтті. Рәміздерді құрмет тұтатын жас буын қолдарына ту ұстап, патриоттық әндер мен флешмобқа зор қошемет көрсетті. Концерт соңында мектебінің оқушылары көк байрақтарды желбіретіп, «Атамекен» әніне көрермендер қосылып, бірге шырқады. Бірлік пен Отансүйгіштікті дәріптеген іс шараға болашақ жастарымыз оқушылар белсене қатысты.
Жанға жылу, жүрекке шуақ сыйлаған, әр адамның патриоттық рухын арттырған іс-шара Мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп, қастерлеу керектігін тағы бір рет ұқтырды. Азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане