Ынтымағы жарасқан ұжым

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_17_172024-6.jpg

Бүгінде татулығын ту етіп, ынтымағын жарас­тыр­­ған жасампаз мемле­ке­тімізге қызыға да, қыз­ға­на да қарайтындар аз емес. Әсіресе, бірлікті «ба­ғым» деп бағалаған халық­тың біртұтастығы талай­лар­­ға үлгі болуда. Әрине, бір шаңырақтың асты­на бірнеше ұлттың басын бі­рік­­тіріп, берекесін кіргізу кез кел­ген мемлекеттің қолынан келе бермейтіні белгілі. Ал бір ме­ке­ме­ге сан ұлт өкілдерін қыз­метке алып, жұмыстың жүйе­сін табу өз алдына үлкен ерлік.
Міне, сондай көпұлтты ұжымды сүттей ұйытып отырған теміржол мекемесінің бірі – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» «Қостанай бөлімшесі-ЖТ» ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосы ТД-9 Тобол
Ең­бек­керлер қазақ, орыс, украин, белорус пен шешен, татар әр түрлі ұлттар мұнда қызмет етіп, теміржол саласының өркендеуіне өз үлес­те­рін қосуда.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" "Қостанай бөлімшесі-ЖТ" ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосы бастығының орынбасары Лысенко Иван Ивановичтың айтуынша, бұл ұжымда ең алдымен бірлік бәрінен биік тұрады екен.
– «Бірлік түбі – бе­ре­ке» деген қағиданы біз­дің қызметкерлер берік ұстанады. Теміржолға бір адамды жұмысқа аларда оның ұлты мен тегіне емес, шеберлігі мен қабілетіне баса көңіл бөлеміз. Сон­дай-ақ басшылық қызметке өсі­руде де еңбеккердің туған же­рі емес, төккен тері есепке алы­­нады. Біз көпұлтты мемлекетпіз. Бір шаңырақ астында сонау заманнан бері тату-тәтті, бір-бірімізге жанашыр болып өмір сүріп келе жатырмыз. Біздің ұжымның қызметкерлері де бірлік пен татулықтың арқасында ұзақ жылдар бойы тұрақты еңбек етіп келеді. Әркімнің ұжымда алар орны ерекше. Ешкімді шектемейміз. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын, тапсырманы уақытылы орындайтын жандар. Барлығы да қарапайым, ақкөңіл, әріптестері арасында сыйлы азаматтардың қатарында. Алдағы уақытта да осы қалпымыздан танбай, еліміздің көркеюіне атсалыса береміз деп ойлаймын, - дейді мекеме басшысы Лысенко Иван Иванович.
Иә, татулықты ту етіп, теміржол саласында тіршіліктің тайқазанын қайнатқан өзге ұлт өкілдері бір үйдің баласындай жұдырықша жұмылып жұмыс істеуде. Олар: Багиров Владислав Файзович, Гуменюк Александр Константинович, Гаджиев Артем Ибрагимович, Кодзоева Любовь Идрисовна, Нургалиев Кенжевек Ермуханович, Головин Игорь Викторович, Сулейменов Махмуд Мардалиевич, Клингис Эдуард Ромасович, Балабан Федор Константинович, Глазунов Владимир Михайлович, Кноль Сергей Иванович, Еньшин Александр Васильевич, Минтагиров Валерий Якубович, Литвинова Лариса Александровна. Достығы берік түрлі ұлт өкілдерінен құралған ұжымның басты қағидасы – татулық. Көпұлтты ұжым бола тұра өздеріне тән ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, бейбітшілікті жоғары бағалайтын осындай еңбек ұжымдары мемлекетіміздің мықты тірегі. Бірлік күнімен барша қазақ­стан­дықтарды, жерлестеріміз­ді шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бірлігі бекем, тірлігі көркем болып отырған теміржол ұжымының жұмысы әрдайым жемісті болсын деп тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане