Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_24.06_1.jpg

Вакциналау неге маңызды? Вакцина қалай жұмыс істейді? Ол адам мен қоғамды қалай қорғайды? Вакцина қандай аурудан қорғайды? Вакцинаны кімдер алмауы керек?
Осы сұрақтарға байланысты түсіндірме жұмыстары өтті. Аталмыш жұмысты аудандық аурухананың дәрігері, инфекционист Жібек Туребекова өткізді. Түсіндірме жұмыстары «Сұлу» ЖШС қызметкерлерімен жүргізілді. Вакцинаның барлық маңызды факторлары мен қатар, ағзаға қандай көмегі, және індетке қарсы қандай әсері бар екенін нақты түсіндіріп кетті.
- Вакциналау – тап қазір аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Егер вакцина алсақ, біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз. COVID-19 пандемиясы кезінде вакциналау өте маңызды. Егер адам ауруға қарсы вакцина алған болса,жұқтыру қаупі төмендейді, демек ауруды басқаларға таратуы азаяды. Қоғамда неғұрлым көп вакцина егілсе, соғұрлым аз адам осал болып, қоздырғышты адамнан адамға беру мүмкіндігі азаяды. Халықтың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Сондықтан қазіргі таңда баршамыздың мақсатымыз бір, осы індетті жою және алдын алу. Сондықтан, барлықтарыңызды вакцина алуға шақырамын- дейді дәрігер.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане