Балалар алаңқайына көңіл бөлінді

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_24_24-2021_17.jpg11-ші маусым күні орталық алаңдағы балалар алаңқайына бояу жұмыстары жүргізілді.


Аталмыш іс-шарада аудандық мекемелердің қызметкерлері бой көрсетті. Атап айтсақ, аудан әкімінің орынбасары Назгүл Асқарқызы бастауға алған шарада, ішкі саясат бөлімінің басшысы мен мамандары, сонымен қатар, жастар ресурстық орталығының мамандары, аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары ауылшаруашылық бөлімі және аудандық сәулет бөлімі қызметкерлері сонымен қатар, Әйет ауылдық округінің жұмысшылары, аудан еріктілері және Красносельск аулының еріктілері атсалысты. Аталмыш абаттандыру жұмыстарында балалар ойнайтын алаңқайлар, үйшіктер боялынды. Алдағы уақытта барлық ауыл тұрғындарын осындай игі істі жалғастыруға шақырамыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане