Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын ерекше сәт болды.
Биыл Тобыл білім ордаларынан 24 жас түлек үлкен өмірге қанат қағып, алтын ұясынан түлеп ұшпақшы. Бұл түлектер – мектептің көп жылғы тарихында өз іздерін қалдырған, білім мен өнерде, спортта және қоғамдық шараларда белсенділік танытқан жастар. Биылғы мектеп бітірушілердің арасында түрлі мамандықтарға қызығушылық танытып, әрқайсысы болашаққа үлкен жоспарлар құрып отыр. Осы жылғы түлектер өте белсенді және ынталы, көптеген аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындар алған.
Алда мектеп бітірушілерін қорытынды аттестаттау мен ҰБТ сынағы күтіп тұр. Бірақ олар бұл сынақтарды сәтті тапсырып, өз армандарына жетуге бел буып отыр. Тобыл жалпы білім беретін №2 мектептен Алтай Айзере мен Омарова Дильназ «Алтын белгі» иегерлері, сонымен қатар «Алтын белгі» иегерлері Тобыл жалпы білім беретін №1 мектептен Пивоваров Дмитрий, Маженова Линара, ал үздіктер қатарында Орлов Сергей, Журумбаев Исламбек, Рекута Илья, Тулебаев Ренат,Тулебаева Карина, Горнак Виктория, Доброхотов Иван. Бұл – олардың табандылығы мен еңбегінің айқын көрінісі. Осындай жоғары жетістік мектептер үшін үлкен мақтаныш. Мектептен түлеп ұшып бара жатқан 24 түлекке ақ жол тілейміз. Олар еліміздің болашағын қалыптастыратын білімді, білікті, еңбекқор азаматтар болсын. «Соңғы қоңырау» салтанатты шараларда оқушылар ұстаздарына шынайы алғыс айтты, мектеп өміріндегі қызықты естеліктермен бөлісті. Әндер айтылып, би билеп, қойылымдар мерекеге ерекше сән берді. Соңғы қоңырау соғылған сәтте, жас түлектердің көзінде үміт пен армандар жарқырап тұрды. Олар алдағы күндері колледждер мен жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіріп, елімізге қызмет етуді мақсат етіп отыр. Соңғы қоңырау мерекесі – ұстаздар мен ата-аналардың да ерекше толқып, қуанышты сәттерге толы күндерінің бірі. Мектеп директоры мен мұғалімдер түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбиеден, өмірде де табандылық пен қажыр-қайрат көрсетіп, үлкен жетістіктерге жетеуіне тілектестік білдірді. Ата-аналар да балаларын ерекше құттықтап, олардың жүрекжарды сөздері оқушыларды ерекше тебірентті. Бұл мерекелік күн жас түлектердің жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
29.05.2025 09:48
В рамках реализации государственных программ, оказания консультативно-правовой помощи и реализации программ, направленных на решение вопросов по поступлению на государственную службу...
29.05.2025 09:46
1930–1950 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін қазақстандықтардың тағдырына ауыр соққы болып тиді.Бұл нәубет мыңдаған жазықсыз адамдарды ғана емес, олардың ұрпақтарын да...
29.05.2025 09:45
Ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. Это день памяти невинно погибших в эпоху сталинского режима...
29.05.2025 09:43
Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын...
29.05.2025 09:42
23 мая во дворе общеобразовательной школы имени Беимбета Майлина прозвенел последний звонок для учеников 9-х и 11-х классов. Волнующее и...
29.05.2025 09:41
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында тәлім сәт өтті.2025 жыл...
29.05.2025 09:17
Профессиональный праздник работников культуры и искусства на районном уровне отметили 21 мая.В областном центре лучших работников сферы культуры и искусства...
29.05.2025 09:16
Торжественное мероприятие, посвященное Дню работников культуры и искусства, состоялось 21 мая в районном Доме культуры.Чтобы отметить свой профессиональный праздник, в...
29.05.2025 09:15
Между Китаем и Казахстаном запускается туристский маршрут29 мая 2025 года из города Сиань в путь отправится туристский поезд по маршруту...
29.05.2025 09:13
Балабақша – әр баланың өміріндегі ең алғашқы үлкен қадамдардың бірі.Мұнда бүлдіршіндер тек әріптер мен сандарды үйреніп қана қоймай, өмір сүру...
29.05.2025 09:10
Благотворительность в действии - так можно охарактеризовать участие АО «Варваринское» в районном конкурсе «Бауырсак time», прошедшем весной этого года. Приуроченный...
22.05.2025 13:19
Көктемгі дайындық– механизатор еңбегі- Көктем – табиғаттың ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де жаңару мен жаңа бастамалар мезгілі. Бұл –...
22.05.2025 13:03
Қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды насихаттауда мәдени қызметкерлердің рөлі ерекше. Олар – халықтың жүрегіне жол...
22.05.2025 13:02
18 мая в календаре праздничных дат, исторических событий и дат отмечен как международный день музеев. Уже не первый год реализуется...
22.05.2025 13:00
С самого рождения наши мамы были нашими лучшими друзьями. Они всегда нас поддерживали и успокаивали в трудные моменты жизни. Материнскую...
22.05.2025 12:59
21 мая отмечают праздник люди, чья профессия наполняет жизнь страны и людей эмоциями, смыслами и красотой. День работников культуры и...
22.05.2025 10:25
Наш район всегда славится доблестными спортсменами. Все больше детей вовлечены в активный образ жизни, занятия спортом и ведение здорового образа...
22.05.2025 10:24
Для развития потенциала среди молодежи и обмена опытом проводятся творческие конкурсы и мероприятия. В начале мая в областном центре состоялся...