Олжас Бектенов су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өңірлердегі гидрометеорологиялық жағдай туралы баяндады. «Tasqyn» жүйесіндегі су тасқыны жағдайын моделдеу нәтижелері туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, су нысандарының жағдайы туралы – су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ықтимал су тасқынына қарсы жедел әрекет етуге күштер мен құралдардың дайындығы туралы – төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов баяндама жасады. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының әкімдері өңірлерде елді мекендерді су басудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.
13 наурыздағы жағдай бойынша еліміздің қар басып жатқан аумағы 67%-ды құрайды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қазірдің өзінде қар ери бастағанын айтты. Бұл ретте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тоңның қалың болуы байқалып отыр. Қостанай облысында 150 см-ге дейін және одан да көп, Ақмола облысында – 139 см-ге дейін, Павлодар облысында – 159 см-ге дейін, Қарағанды облысында –132 см-ге дейін тоң бар. Болжамдарға сәйкес, наурыз және сәуір айлары жылы болады деп күтілуде, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл су тасқыны қаупін арттырады.
«Қазгидромет» биыл алғаш рет әрбір өңір бойынша су шығынының ең жоғары деңгейін, гидрологиялық бекеттер бойынша ағын көлемін көрсететін және қауіпті аймақтағы елді мекендерді анықтай отырып, егжей-тегжейлі ақпарат берді. Көктемгі су тасқынын тудыратын факторларға жүргізілген талдау су басу қаупі бар аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Тасқын қаупі жоғары аймаққа Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Абай, Ұлытау облыстары; қауіп деңгейі орташа аймаққа – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары жатады.
Су басу қаупін азайту мақсатында уәкілетті органдар Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар елді мекендерін аралап, шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
Қазіргі уақытта ТЖМ құрамында 37 мыңнан астам адам, 13 мың бірлік техника, 4 мыңнан астам су айдау қондырғысы және 640 бірлік жүзу құралы бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтастыру орындары белгіленді. ТЖМ әуе кемелері – тәулік бойы кезекшілікте. Сонымен қатар жалпы саны 1 мыңға жуық қызметкер, 120 бірлік түрлі мақсаттағы техника, 123 су айдау және 39 бірлік жүзу құралы бар ТЖМ күштері мен құралдарының резерві дайындалды.
«Мемлекет басшысы су тасқынының алдын алу шараларына басымдық беруді тапсырды. Үкімет су тасқынының алдын алу және кері әсерін жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-профилактикалық, инженерлік-техникалық және жедел шаралар қабылдауда. Дегенмен, аймақтардың дайындығы жоғары деңгейде болуы керек. Әкімдіктер елді мекендерді тасқын судан қорғау үшін кешенді шаралар қабылдауы тиіс. Олардың айналасын топырақ үйінділерімен бекітіп, бірінші кезекте сырттан келетін суды бөгеу керек. Су өткізу құрылыстары, көпірлер мен тюбингтер қатып қалған мұз бен қоқыстардан тазартылып, қарғын суды өткізіп жіберуге дайын болуы тиіс. Өзен арналарын тазартып, бекіту қажет. Дала өзендерінің бітелуге айналған жерлерін кеңейту керек. Су басу қаупі жоғары елді мекендерде күштер мен құралдарды, оның ішінде тиісті техниканы дайындау қажет. Эвакуация орындарын анықтаңыздар. Олар тіршілікке қажетті барлық құралдармен жабдықталуға тиіс», — деп атап өткен Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.
Төтенше жағдайла министрлігінің алдына мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, еліміздегі су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізу міндеті қойылды. Жағдай күрделене түссе, қосымша күштер мен құралдарды енгізу бойынша шаралар қабылдау, олардың әрекеттерінің ықтимал нұсқаларын анықтау қажет.
Атырау облысының әкімдігіне Жем мен Қиғаш өзендеріндегі қауіптің жоғары екенін ескере отырып, су айдындары бойында орналасқан елді мекендерді қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне жауапты органдармен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. https://primeminister.kz/news/olzhas-bektenov-su-taskynyna-karsy-sharalardy-uylestiru-zhonindegi-respublikalyk-shtab-otyrysyn-otkizdi-29802
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...
26.06.2025 09:57
28 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник журналистов. Так подчеркивается особая роль работников СМИ в развитии общества.Несомненно, труд работников СМИ...
26.06.2025 09:55
В современной системе дополнительного образования особое место занимают педагоги, сохраняющие и передающие традиции национального искусства.Один из ярких представителей этой профессии...
26.06.2025 09:54
Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.2018 жылдан бері шілде айының...
26.06.2025 09:42
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -Тобыл тұрғыны, зейнеткер,теміржол саласынаеңбегі сіңгенқұрметті теміржолшы,Б.Майлин ауданыныңқұрметті азаматы. Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын...
26.06.2025 09:40
Шілде айының бірінші жексенбісі – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінің алтын діңгегіне айналған Домбыра күні. Бұл күн - халқымыздың...
26.06.2025 09:39
Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың...
26.06.2025 09:37
Продолжается реализация программы КРI, утвержденной акимом области, в рамках которой творческие коллективы домов культуры и центров досуга выезжают по сельским...
26.06.2025 09:35
Николай Федорович Горбань – личность, которая по праву считается образцом человечности, порядочности и педагогического мастерства. Многие помнят его, следуют его...
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...