Қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды насихаттауда мәдени қызметкерлердің рөлі ерекше. Олар – халықтың жүрегіне жол тауып, дәстүр мен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін алтын көпір.
Мәдениет – елдің рухани тірегі, ал оны қалыптастырып, дамытып отырған жандар – мәдени қызметкерлер. Ауыл-аймақтардың мәдениет ошақтарында еңбек ететін бұл мамандар мерекелік шаралар ұйымдастырып, концерттер мен көрмелер өткізіп қана қоймай, халықтың шығармашылық әлеуетін оятып, бірлік пен татулықты насихаттауда үлкен еңбек сіңіреді.
Мәдени қызметкер – режиссер де, сценарист те, ұйымдастырушы да, кейде тіпті әртіс те. Олар – үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңа идеялармен халыққа рухани азық сыйлайтын шығармашылық жандар. Әсіресе, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылық үйірмелер мен өнерпаздарды қолдау бағытындағы жұмыстары – аса құнды. Мәдениет – ұлттың рухани өзегі, ал сол мәдениетті өркендетуге өмірін арнаған жандар – халық қазынасы. Осындай аяулы жандардың бірі – ұзақ жылдар бойы мәдениет саласында қажырлы еңбек еткен ардагеріміз, аяулы ана, әже Мурзабаева Гульсум Базарбайқызы. Гульсум Базарбайқызы аудандық, облыстық деңгейдегі көптеген мәдени шаралардың ұйытқысы болды. Оның жетекшілігімен өткен іс-шаралар халықтың ерекше ықыласына бөленіп отырды. Ол мәдени мұраны жастарға дәріптеуші, нағыз жанашыр тұлға болды. Еңбегі еленіп көптеген марапаттарға ие болды. Зейнетке шыққаннан кейін де ел өмірінен шет қалмай, қоғамдық істерге белсенді араласып келеді. Бүгінде Гульсум Базарбайқызы – ауыл-аймаққа сыйлы, көпке өнеге болатын жан. Оның мәдениетке сіңірген еңбегі – жас ұрпақ үшін үлгі, тарих үшін мұра. Гүлсим Базарбайқызы өзінің еңбек жолын сонау 80 жылдары мәдениет саласынан бастаған. Түрлі мәдени шараларды ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін берді. Оның басқаруымен көптеген ән кештері, театрландырылған қойылымдар, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрге арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Әріптестері арасында сыйлы, көрерменнің көңілінен шыға білген жан ретінде есімі ел есінде. Зейнетке шықса да, мәдениетке деген ықыласы мен сүйіспеншілігі сөнген жоқ. Ауылдағы іс-шараларға жиі қатысып, ақыл-кеңесін айтып, жастарға бағыт-бағдар беріп отырады.
Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері! Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Күнделікті еңбектеріңіз – халқымыздың рухани өмірін жандандырып, өскелең ұрпаққа өнеге болуда. Ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт, зор денсаулық және отбасы амандығын тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!
08.10.2026 14:47

«Әділет Керуені»: өңір тұрғындарына тегін кеңес берілді Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Әділет Керуені» партиялық акциясы...
08.10.2026 12:29

В районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялось торжественное мероприятие, посвящённое одному из самых добрых и значимых профессиональных праздников -...
08.10.2026 12:26

Профессия педагога - это не просто работа, а призвание, требующее знаний, терпения, творчества и огромной любви к детям. Особенно важно...
08.10.2026 12:25

1 октября в РДК им. Е. Умурзакова состоялся праздничный концерт, посвященный Международному дню пожилого человека. Он прошел под девизом «Үлкенге...
08.10.2026 12:18

В большом зале районного акимата провели на заслуженный отдых Валентину Павловну Ересько - человека, чья трудовая биография неразрывно связана с...
08.10.2026 10:12

У любителей футбола в п. Тобол появилось новое место для тренировок и активного отдыха. 2 октября здесь состоялось открытие современной...
08.10.2026 10:10

Еңбек – адамды биіктетіп, абыройын асқақтататын ұлы құндылық. Ал сол еңбегін бала тәрбиесі мен біліміне арнаған жандардың қоғамдағы орны ерекше. Осындай...
08.10.2026 10:06

Есть профессии, которые становятся не просто делом жизни, а настоящим призванием. Учитель - одна из них. Это особая ответственность, ведь...
08.10.2026 10:04

Осенью мы отмечаем самые значимые праздники. Одними из них являются День учителя, День воспитателя и особенно хочется сказать слова благодарности тем,...
08.10.2026 10:02

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл – өмірдің талай белесінен өтіп, кейінгі ұрпаққа мол тәжірибесі мен тағылымын қалдырған аға...
08.10.2026 10:00

В селах Береговое, Асенкритовка, Майское прошли праздничные мероприятия, посвящённые Дню пожилого человека. Этот день стал прекрасным поводом сказать слова благодарности...
08.10.2026 09:22

5 октября сотрудники уголовного розыска отмечают профессиональный праздник. В этом году службе исполняется 108 лет. За это время менялись характер...
08.10.2026 09:21

Традиционную осеннюю экологическую акцию провели специалисты ТОО «Варваринское». Акваторию реки Аят вблизи села Варваринка пополнили 10 тысяч сеголеток карпа. Молодь доставили...
08.10.2026 09:19

Уже более четверти века жителям района хорошо знакома продукция пекарни ИП «Черных» в с. Майское. Ее глава Игорь Кириллович Черных...
07.10.2026 06:47

«Өскенде кім боласың?» деген сұрақты бала кезімізде бәріміз естідік. Ол кезде жауап та дайын: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, спортшы... Уақыт өте келе...
06.10.2026 09:21

Қостанай қаласында экологиялық таза такси қызметі жұмысын бастады. Жобаның алғашқы кезеңінде жергілікті өндірістің 65 электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі 488...
06.10.2026 09:20

В Костанае запустили сервис эко-такси В Костанае начал работу новый сервис экологичного такси. На первом этапе в рамках проекта приобретено 65...
05.10.2026 08:42

Өткен аптада өңірлерде бірқатар нысандар ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіп әлеуетін арттыру, көлік...