Балабақша – әр баланың өміріндегі ең алғашқы үлкен қадамдардың бірі.
Мұнда бүлдіршіндер тек әріптер мен сандарды үйреніп қана қоймай, өмір сүру дағдыларына, қарым-қатынас орнатуға және өздерін танытуға мүмкіндік алады.
Ал балабақшаны бітіруші түлектер үшін бұл кезең – үлкен өмірге бастар алғашқы баспалдақ. Тобыл кенті «Балдәурен» балабақшасында 135 бала тәрбиеленуде. Биыл 3 топ, яғни «Еркетай» тобынан 22 бала, «Лучики» тобынан 6, «Непоседы» тобынан 25 бала балабақшаны бітіреді. Олар енді мектепке барады. Балабақшада алған білім мен тәрбиенің арқасында олар мектепке тез бейімделеді.
Балабақша – баланың алғашқы әлеуметтік ортасы. Ал бұл ортада ең үлкен рөлді тәрбиешілер атқарады. Олар балаларға мейірім мен сүйіспеншілік көрсетіп, өмірлік құндылықтарға баулиды.
Балабақшадағы ұстаздар мен тәрбиешілер Жаксинбекова Камила Тулеукановна, Ислямова ГульгульТлеубердиновна, Кашинская Татьяна Александровна, Валяева Светлана Николаевна, Чебанова Татьяна Александровна, Тулемисова Лязат Сериковна әр баланың бойына отаншылдық, еңбекқорлық, достық пен мейірімділік қасиеттерін сіңірді.
Тәрбиешілердің әрбір күні балаларға жаңа нәрсе үйретіп, олардың бойындағы талантты ашуға бағытталған. Балаларды әртүрлі мерекелік шаралар, шығармашылық жобалар, ойындар арқылы өз өнерлерін көрсетіп, белсенді өмірге бейімдейді. Балабақшадағы тәрбиешілер балаларға тек білім мен тәрбие беріп қана қоймай, ата-аналармен бірге баланың дамуы мен тәрбиесі үшін тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар кішкентай жүректерге мейірім шуағын шашып, болашақтың нұрлы жолын салады. Осы жылдың басынан «Балдәурен» балабақшасына Бурмистрова Олеся Борисовна жаңа басшы тағайындалды. Жаңа басшының басшылығымен балабақшада шығармашылық орта қалыптастыру, балалардың жеке қабілеттерін дамыту, ойын және оқу құралдарын жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ұжым оның жетекшілігімен балабақшада тек жағымды жаңалықтар боларына сенім білдіреді.
1 маусым - бүкіл әлемде балаларды қорғау күні «Балдәурен» балабақшасында әр топтарда түрлі шаралар ұйымдастырылып, балаларды құттықтау, ертегілерді көрсету, ән айту мен би билеу, қызықты ойындар мен жарыстар өткізіліп, баланың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, мереке балалардың достық пен бірлікке, өзара құрмет пен мейірімділікке үйренуіне ықпал етеді.
Балалар күні - бұл тек көңіл көтеру күні ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы балалардың мәртебесін көтеру, олардың құқықтарын қорғау туралы ойланатын сәт. Әр баланың арманы орындалып, өмірі қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Балаларды қорғау күні - бұл әрбір ата-ана, тәрбиеші және қоғамның ортақ міндеті. Балаларымыздың бақытты болуы - біздің болашағымыздың кепілі.
29.05.2025 09:48
В рамках реализации государственных программ, оказания консультативно-правовой помощи и реализации программ, направленных на решение вопросов по поступлению на государственную службу...
29.05.2025 09:46
1930–1950 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін қазақстандықтардың тағдырына ауыр соққы болып тиді.Бұл нәубет мыңдаған жазықсыз адамдарды ғана емес, олардың ұрпақтарын да...
29.05.2025 09:45
Ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. Это день памяти невинно погибших в эпоху сталинского режима...
29.05.2025 09:43
Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын...
29.05.2025 09:42
23 мая во дворе общеобразовательной школы имени Беимбета Майлина прозвенел последний звонок для учеников 9-х и 11-х классов. Волнующее и...
29.05.2025 09:41
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында тәлім сәт өтті.2025 жыл...
29.05.2025 09:17
Профессиональный праздник работников культуры и искусства на районном уровне отметили 21 мая.В областном центре лучших работников сферы культуры и искусства...
29.05.2025 09:16
Торжественное мероприятие, посвященное Дню работников культуры и искусства, состоялось 21 мая в районном Доме культуры.Чтобы отметить свой профессиональный праздник, в...
29.05.2025 09:15
Между Китаем и Казахстаном запускается туристский маршрут29 мая 2025 года из города Сиань в путь отправится туристский поезд по маршруту...
29.05.2025 09:13
Балабақша – әр баланың өміріндегі ең алғашқы үлкен қадамдардың бірі.Мұнда бүлдіршіндер тек әріптер мен сандарды үйреніп қана қоймай, өмір сүру...
29.05.2025 09:10
Благотворительность в действии - так можно охарактеризовать участие АО «Варваринское» в районном конкурсе «Бауырсак time», прошедшем весной этого года. Приуроченный...
22.05.2025 13:19
Көктемгі дайындық– механизатор еңбегі- Көктем – табиғаттың ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де жаңару мен жаңа бастамалар мезгілі. Бұл –...
22.05.2025 13:03
Қоғамның рухани дамуына ықпал етіп, ұлттық болмыс пен мәдени құндылықтарды насихаттауда мәдени қызметкерлердің рөлі ерекше. Олар – халықтың жүрегіне жол...
22.05.2025 13:02
18 мая в календаре праздничных дат, исторических событий и дат отмечен как международный день музеев. Уже не первый год реализуется...
22.05.2025 13:00
С самого рождения наши мамы были нашими лучшими друзьями. Они всегда нас поддерживали и успокаивали в трудные моменты жизни. Материнскую...
22.05.2025 12:59
21 мая отмечают праздник люди, чья профессия наполняет жизнь страны и людей эмоциями, смыслами и красотой. День работников культуры и...
22.05.2025 10:25
Наш район всегда славится доблестными спортсменами. Все больше детей вовлечены в активный образ жизни, занятия спортом и ведение здорового образа...
22.05.2025 10:24
Для развития потенциала среди молодежи и обмена опытом проводятся творческие конкурсы и мероприятия. В начале мая в областном центре состоялся...