Бірігіп жұмыс жасауға шақырды

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_7_7-2018_6.jpgҮстіміздегі жылдың 14-ақпан күні Елбасы Жолдауын насихаттау бағытындағы ақпараттық-насихат тобының мүшелері денешынықтыру және спорт бөлімінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымдарымен кездесу өткізді.

 

Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғұрбаев кездесуді ашып, жер қатынастары бөлімінің басшысы Сергей Красноголовқа сөз ұсынды. Ол Жолдауда Елбасы нақтылап көрсеткен негізгі мәселелердің ішіндегі айтылған ойларды толық қамтып, қойылған сауалдарға жауап берді. «Біз спорт саласының мамандарымен кездесуде Жолдаудағы басым бағыттарға егжей-тегжейлі түсініктемелер беріп өттік. Ал, олар Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға байланысты байыпты әңгімелер қозғады. Кездесулердің аяғында жиналғандар Елбасының Жолдауының жүзеге асатынына еш шүбә келтірмей тарастық», - дейді Марс Айдарханұлы.

Үгіт-насихат мүшелері мен жиналғандар Жолдаудың басым бағыттары турасында пікір алмасты, оны іске асырудың жолдары қарастырылды. Басқосу соңында насихат тобының мүшелері Елбасымыздың саясатын басты назарда ұстап, шешімін таппаған мәселелердің алдын алу жұмыстарымен аудан қызметкерлерін бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане