Музыкалық дәстүр насихатталуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_6_12.jpg«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында айтылғандай, ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Осы орайда, ұлт болып, рухани жаңғыруымыз үшін қазақтың өнері мен музыкалық дәстүрлерін насихаттау өте маңызды.

 

Рухани жаңғыру үшін ұлт ретінде өзіміздің бет-бейнемізді, әлем алдындағы өзімізге тән кескін-келбетімізді, ұлттық болмысымызды сақтаймыз дейтін болсақ, дүниеге келген әр баланы бесікке салғаннан бастап, бүкіл тәрбие мен білім беру жүйесі арқылы қазаққа тән білім мен қазаққа тән тәрбиені оның санасына мықтап сіңіруіміз керек екендігін ескерген «Ұшқын» мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Мамай Ізтілеу №1 орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

«Өзім өнер саласында қызмет істеп жүргендіктен, атадан балаға жалғасып келе жатқан айтысты насихаттап, әңгімені осы тақырыптың төңірегінде өрбітуді жөн көрдім», - дейді айтыс өнерінің соңынан бала кезінен қуған Мамай Ізтілеу. Баламен баладай, данамен данадай сөйлесе білетін айтыскер ақынымыздың айтары көп. 25 жылдың ішінде түрлі аймақта, түрлі деңгейде ұйымдастырылған сөз додаларының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған жерлесіміз кездесу барысында айтысқа қалай келгенін, жеткен жетістіктерін ғана айтып қоймай, айтыстың қоғамдағы маңызы, оны дамытудың жолдары жайлы да сөз қозғады. Танымдық, әрі жылы ниетте өткен іс-шарада осы өнерге қызығушылық танытқан оқушылар тарапынан қойылған сауалдар аз болған жоқ. Тіпті, солардың біріне айтыскер ақынымыз өлеңмен жауап беріп, сөздің майын тамызды. Оқушылардың өзара диалог ретінде өткен осы кездесуден ләззат алғанын байқамау мүмкін емес еді. Аталмыш іс-шараны қорыта келе, Мамай ағай айтыс өнерін үйренем деуші балаларды шәкірттерінің қатарын толықтыруға шақырды.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане