Әлеуметтік маңызы бар жоба қалай жүзеге асырылуда?

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_47_47-2018-8.JPGҚарашаның 16-сы күні Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің тапсырысы бойынша «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен С.Ерғалиев атындағы орта мектептің қабырғасында «Отбасы мен Аналар кеңесі қоғамының рухани-өнегелік жандануындағы рөлі» тақырыбында семинар өтті.


Аталған қоғамдық қордың төрағасы Юлия Калюжнаяның мәліметіне сүйенсек, олар қазақстандық отбасы институтын нығайтуға, отбасылық дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға, халықтың отбасылық қарым-қатынас мәселелерінде психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған «Отбасыны қолдау ресурстық орталығы» жобасын жүзеге асыруда. Жоба қатысушылары – Қазақстан халқының облыстық ассамблеясының Аналар кеңесі, ата-аналар қауымдастығы, педагогтар, облысымыздың мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, жастар, облыс тұрғындары. Аталмыш жобаның аясында екінші жыл консультациялық қызмет, яғни халыққа отбасылық қарым-қатынас мәселелері бойынша тегін психологиялық көмек көрсететін және жанұялық шиеленістерді шешу бойынша медиатор қызметі жұмыс жасайды.
Қазақстан халқының облыстық ассамблеясының аналар кеңесінің міндеттерін іске асыруға бағытталған түрлі іс-шараларды өткізу үшін қалалар мен аудандарда көшпелі іс-шаралар қарастырылған. Осы орайда, жұма күні ауданымызда білім беру бөлімінің басшыларының, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдерінің, Таран ауданының Аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өткен әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыру бағдарламасы бойынша пленарлық отырысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанна Калимова ашып, сөзді облыс орталығынан арнайы келген қонақтарға берді. Дәл осы күні ерлі-зайыптылық және балалар-ата-аналар қатынасы мәселелері бойынша жеке психологиялық кеңес берілді, регламент бойынша мұғалімдер мен ата-аналар қауымына негізгі тақырып бойынша ой-пікірін білдіруге мүмкіндік беретін дөңгелек үстел, сондай-ақ, бірнеше тақырыптарға негізделген семинарлар, секциялық сабақтар өткізілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане