Түйе мен жылқы – ежелден өсіріліп келе жатқан табысты түлік. Сойсаң – ет, саусаң – сүт, жүні мен терісі де бағалы шикізат болып табылады. Шаруашылықта ірі қара малмен, қоймен бірге түйе мен жылқы өсірудің тиімділігі ұшаң теңіз. Қуантарлығы, өңірімізде түйе шаруашылығымен де, жылқы шаруашылығымен де айналысатын ауылдықтар кәсібінің жемісін көруде.
«Мен осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттің қолдауымен төрт миллион теңге көлемінде несие алып, бес бас түйе сатып алдым. Алған несиемді екі жылдың ішінде төлеп тастадым. Ал, жақында «Бастау-бизнес» жобасының курсын тәмамдап, сертификат алған болатынмын. Содан тағы да алты пайызбен бес миллион теңге несие алып, Атырау облысынан алты түйе сатып алдым. Бір өркешті, екі өркешті түйелерімнің айырмашылығы – олардың бірі етті, енді бірі сүтті болып келеді. Өзбекстанда тұрғанымызда әке-шешем де, ата-бабаларым да осы түйе шаруашылығымен айналысқан-ды, сондықтан түйенің қыр-сырын меңгергем. Түйелер жыл бойы сауылады, бірақ олардың ерекшелігі – олар екі жылда бір рет боталайды», - дейді Юбилейный ауылының тұрғыны Алмат Нұрмаханов. Түйенің сүті мен шұбатын қолжетімді бағамен саудалайтын кейіпкеріміз- дің өніміне сұраныс көп.
Түйенің сүтін сауып, өнімін сатып, кәсібін бастап кеткен кәсіпкер тәжірибесіне сүйене отырып, майда-шүйдеге емес, бірден төрт түліктің төресі – түйе бағып, оны көбейтуді мақсат тұтты. Көздеген мақсатына жету үшін тәуекелге барған кісі қазір кәсіпкерлердің іс жүргізуіне мемлекеттен барынша қолдау барын, әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі зор екендігін атап өтті. Түйе ыстыққа да, суыққа да өте төзімді болғанымен, олардың күтіміне ерекше мән береді. Алмат ағайды тыңдасаңыз, оның түйе шаруашылығы жайлы, расымен де, көп мәлімет білетіндігіне көз жеткізесіз. Мемлекеттің қамқорлығымен осылайша шаруасын ширатып жүрген Алмат Нұрмаханов әлі талай іс тыңдырады деген сенімдеміз.
Ал, жылқы шаруашылығымен айналысатын Набережный ауылдық округінің тұрғыны жүйрік аттарды жаратып, бәйгеге қосуды жергілікті жеткіншектерге үйретіп, ата-бабасының дара жолын жалғап отырған адамдардың бірі Ерназар Дуанов. Өкінішке орай, Елизаветин ауылына жолымыз түскенімізде бұл кісімен қауыша алмадық, десек те, ауылдық балалардың ат жарыстарына дайындық сәтінің куәсі болдық. «Өзгелермен иық тіресе алатындай дәрежеге жету үшін спорт әдіскері Жайылхан Құлқаев балалардың қызығушылығын арттырып, ұлттық спорттың дамуына мол үлесін қосуда. Ауылымызда атқұмар балалардың қатары жыл сайын артып келеді. Аттан алыс өскен баланың бойында қазақылық болмайды. Атқа мінген бала бауырмал, ержүрек, еңбекқор болып өседі. Кішкентай шабандоздарымыз түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген жайы бар. Жақында ғана Қостанайда өткен жарыстан бірінші орынмен оралдық. Қазір бізде он екі айғыр, команданың «Таран ауданы» деген жазуы бар арнайы киімдеріміз бар», - дейді ауылдық округ әкімі Талғат Түйтебаев. Жаттықтырушының айтуынша, ол шабандоздардың кенжесі Асқарды үш жарым жасынан дайындаған көрінеді. Фотосуреттегі Ерлан, Нағашыбай есімді бозбалалармен қоса есептегенде, күн сайын ауыл сыртындағы ипподромда, яғни ат жарысы өтетін алаңда рухы биік жиырма бала дайындалады.
Айта кету керек,мысалы, көкпаршы ойын алаңына шыққанда, біріншіден, аттың күші, екіншіден, көкпаршы өзінің ептілігімен серкені тақымына басады. Аттың ықпалы көп, яғни тоқсан пайызы атқа байланысты. Жануарды жаратып, жемшөбін дайындаумен қатар, оны жарысқа апару керек. Осындайда өңірімізде ат спортына жаны ашитын ат төбеліндей азаматтардың бары қуантады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, демеушілік жасап жүрген аудан кәсіпкерлері Владимир Бушкинге, Жұмағазы Темірбаевқа шексіз алғысымызды білдіреміз.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...