Тобылда «Көктем аруы» байқауы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_11_112023-7.jpg

Тобыл жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында Тобыл кенті «Altyn Jastar» жастар орталығының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған «Көктем аруы- 2023» атты байқау өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеп, табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу болып табылды. Байқауға дайындық барысында бойжеткендер алдын ала өз бейнежазбалары арқылы әлеуметтік желіде лүпіл (лайк) жинады. Байқау өзін-өзі таныстыру, дарындар байқауы, қолөнер шеберлігі, жанкүйерлер көлемі, сән үлгісін көрсету, сияқты кезеңдер бойынша ұйымдастырылды. Сайыста қыздар өздерін таныстырып, өресінің биіктігін танытуға ұмтылды. Артынша шығармашылық шеберліктерін сынатты. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Таңдаған салалары да әр алуан. Десе де шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Сәнқойлық сынаққа да өріс ашылды. Бұл кезеңде сәнді көйлек үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сыртқы сымбат сыналып, сахнадағы жүріс-тұрысқа да мән берілді. Сайыс нәтижесінде Бас жүлде «Көктем Аруы -2023» –№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сүлеймен Айжан Бақытбекқызы марапатталды. Қызықты әрі тартымды өткен байқауымызға қатысқан Голышева Наталья, Монохина Виолетта, Швец Карина, Кенешбаева Карина аруларымызға номинациялар беріліп және алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Осындай әрбір іс-шара жастар тәрбиесіне, оның болашақта елін, жерін сүйетін нағыз патриот болып өсуіне көптен-көп септігін тигізері сөзсіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане