Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» тақырыбындағы Open Air фестивалі өтті.
Мәдениет мен өнер адамдарын, кітапхана саласында қажырлы қызмет жасап жүрген мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, баспагерлер, қолөнер шеберлері, оқырмандар, еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық кітапханашы қатысты. Бейімбет Майлин ауданы Тобыл селолық кітапхананың кітапханашысы Изтилеу Жаңагүл Аманжолқызы қатысты.
Іс-шараны 100 оқырман «Кітапханаға жол» флэшмобымен бастап, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өңірлерден келген үздік кітапхана қызметкерлері мен ардагер кітапханашыларды Мәдениет саласының жоғары наградаларымен марапаттады. Бағдарлама барысында жиналғандар «BOOKS-TOP» яғни, кітапхана мен баспагерлердің кездесуі негізінде «Фолиант», «Мұқаба», «Mazmundama», «Отбасы хрестоматиясы», «Абай», «Эльдорадо», «Астанакітап» сынды баспалардың көрме-жәрмеңкесін, антикварлық, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесін, Art-шеберлік сағаттарын, балалар павильонында интерактивті алаң, түрлі кездесулер мен театрландырылған қойылымдар тамашалады. Шара аясында жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлер қатысқан «Кітап оқу – жетістік трамплині» атты NetWorking ұйымдастырылды.
- Өңірлерден келген кітапханашылар тәжірибелік кейстерімен бөлісіп, ашық диалогта жазушы-баспагерлер ұлттық құндылықтарды арттырудың заманауи тәсілдерімен ортаға салды. Сонымен қатар, тәжірибелі тренерлер кітапханалық медиа жобалар, медиасауаттылық, мобилография және SMM-технологиялары, Tik Tok контенттерін әзірлеу сынды өзекті тақырыптарды талдап, талқылады. Фестивальға әлемнің әр елінен өз еліміздің танымал жазушылары мен мәжіліс депутаттары, шетел қонақтары келді. – деді, фестивалге қатысқан Тобыл селолық кітапханашысы Жаңагүл Аманжолқызы.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «МӘДЕНИЕТ: КІТАП. БІЛІМ. ТІЛ» OPENAIR фестивалінде «Мобилография және SMM-технологиялары, TikTok контенттерін әзірлеу» шеберлік сағатына қатысқаны үшін Изтилеу Жанагул Аманжолқызына сертификат табысталып, Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс- шараларға белсенді қатысып, өңірдің жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесінде ел руханияты үшін маңызы зор еңбек жасап жүрген Қостанай облысы Б.Майлин аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Тобыл ауылдық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Ораловтың алғыс хатымен марапатталды.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...