Сонау коммунизм кезінде штаттан тыс тілші болғаннан бері газетпен етене жақын, ауылына ардақты ақсақал Айдархан Альмухамбетовтың есімін жерлестері құрметпен атайды. Атамыздың бойындағы ізгілік іздерінен тағылым алуға болады десек, артық айтқанымыз емес. Ауылдың өткені мен бүгінгісі жайлы да дәл осы кісімен әңгімелеспекші болғанымыз да бекер емес.
Жан дүниесі рухани қазынаға толы Айдархан Қасымұлы Асенкритов ауылдық округіне қарасты Қызыл-жар ауылында тұрады. Бұл кісінің сөзіне қарағанда, негізінде, ауылдың қазіргі жерінде қоныс болмаған. Әктас кені 1911 жылы Варваринка ауылының тұрғынымен табылғанымен, 1927 жылға дейін мұнда Қызыл-жар деген ауыл атымен де, затымен де болған жоқ. «Бұрында менің ата-бабаларым мынау өзеннің арғы бетінде орналасқан ауылда тұрған. 1927 жылы ғана облыстық өндірістік одақ Аноненко деген кісіні осы жаққа жіберіп, «Тяжелый труд» артелін ұйымдастырған. Білуімше,1929 жылы әктасты тереңдігі үш метрлік төртбұрышты шұңқырда, қураймен, шағырмен, шөппен, ағашпен күйдірген. Барлық жұмыс қолмен істелетін. Жұмысшылар тастарды жылқыларды, өгіздерді жегіп тасымалдайтын», - дейді ол. Оған қоса, 1956 жылға дейін ауылда былғары, қыш-құмыра жасайтын, ағаш өңдейтін, тігін және тағы басқа цехтар жұмыс істеген көрінеді.
1940 жылы артельді, қарапайым тілмен айтқанда еңбек бірлестігінің атауы өзгертілді. Шамамен, сол жылдары шебер А.Г. Ободтың жетекшілігімен шахта пешінің құрылысы басталды. «Артельге жұмысқа кіру үшін біз сиыр немесе ауылшаруашылық саймандарын, небір мүлкімізді беруге міндетті едік. Содан бері Гаша, Левинец, Назаров, Қарсақпаев, Сухенко, Паньков сынды қаншама басшы өзгерді десеңізші... Осы еңбек бірлестігінің басы-қасында жүрген әкемнің айтуынша, менің атамның қолынан бір нәрсе келсе керек, ол зираттан алыс емес жерде диірмен ұстапты. Бір жылдары кәмпескелеу болды ғой, сол кезде бәрі малдарын Жалшыға қуған. Сол уақытта жұрттың көбі қазіргі Варна стансасына қашқан. Қазір Варна, кезінде Темірлан деп аталған стансада мен туғанмын. Аштық жылдарынан кейін қандастарымыз ақырындап өлкемізге қоныс аудара бастайды. Артель жұмыс істей бастаған жылдары көрші ауылдардан да, өзге аймақтардан да көп адам біздің ауылға көшіп келді. Ең қызығы, артельде жұмыскерлерге еңбек ақысын күн сайын төлейтін. Әлі күнге дейін ақшаның қайдан, қалай төленгеніне таңқаламын», - дей келе, ақсақал ауылдың тарихы жайлы әрі қарай баяндады.
Қызыл-жар ауыл болғанымен елу алты депутат, бір депутатқа жүз адам, сонда барлығы алты жүзден астам халық, жүзден артық отбасы болатын. 1964 жылға дейін артельде басшы да, басқарма да талай өзгерген. 1964 жылы еңбек бірлестігі комбинатқа бағынғаннан бастап, ауылға жан-жақтан адамдар көше бастады. Асенкрит ауылдық кеңесі бойынша Қызыл-жар болгар, венгер, молдаван, шешен, ноғай, кәріс, орыс, беларус, неміс және тағы басқа ұлттың өкілдері қоныстанған көпұлтты ауыл болған екен. Әрине, қазіргі ауыл мен сол жылдардағы ауылдың айырмашылығы жер мен көктей. Халық саны да онша көп емес, жұмыс орны да жоқ. Ауылдықтардың басым бөлігі Вариваринкаға немесе Рудныйға қатынап, вахталық әдіспен еңбек етеді. Әйтеуір, мектептің бары қуантады. Айтпасқа болмас, халықтың бір ғана өтініші бар. Қарапайым халық биліктен ауылға газ өткізіп беруді ғана сұрайды. Айдархан Алимбаевтың өзі біраз жыл бойы бір емес, бірнеше рет осы мәселемен шенеуніктермен де тілдескен-ді. Алайда, әзірше, жазбаша түрдегі жауаптарды жинаудан басқа амал жоқ. Ауыл тұрғындарының тілегі күндердің-күнінде орындалар деген үміттеміз.
13.02.2025 07:38
В этом году мы отметим 80 лет со дня Победы в Великой Отечественной войне. В нашей рубрике «Летопись времен» мы...
13.02.2025 07:37
Шаңғы фестивалі – бұл қысқы спорт түрлерін сүйетіндердің және табиғатта уақыт өткізуді жақсы көретіндердің асыға күтетін оқиғасы. Бұл іс-шаралар әдетте...
13.02.2025 07:35
Продолжается активная работа в рамках государственной экологической акции «Таза Қазақстан». Главная цель всех мероприятий направлена на идею экологического патриотизма, объединяющего...
13.02.2025 07:34
Әрбір қоғамның негізін адал еңбегімен өркендететін жұмысшылар құрайды. 2025 жылды «Жұмысшы жылы» деп атап, еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның құқығы...
13.02.2025 07:32
МВД напоминает, что при движении по зимней дороге (в гололед, по свежевыпавшему снегу, по укатанному снегу) важно учитывать влияние погодных...
13.02.2025 07:31
Өткен аптаның жексенбісі күні С.Ерғалиев мектебінің базасында аймақтық мешіт жамағаттары арасында ұлттық ойыннан сайыс өтті.
13.02.2025 07:30
В рамках противодействия правонарушений и обеспечения безопасности граждан в центральной районной библиотеке состоялся круглый стол сотрудников отдела полиции, начальника местной...
13.02.2025 07:29
В начале 2025 года Центральная районная библиотека района Беимбета Майлина представила девятый выпуск информационно-справочного издания — «Календарь дат и событий...
13.02.2025 07:28
В минувший понедельник в фойе ДК им. Е. Умурзакова состоялась ярмарка вакансий, направленная на поддержку безработных, в том числе из...
13.02.2025 07:26
2024 год стал знаменательным годом в Костанайской области для Женского крыла партии «AMANAT». 60% из 46 000 членов партии -...
13.02.2025 07:25
АО «Отбасы банк» является оператором по реализации программ и проектов приобретения жилья по льготным и выгодным условиям.
13.02.2025 07:22
В целях повышения эффективности работы с населением, усиления разъяснительной работы общественные приемные партии обеспечивают организацию приема граждан, в том числе...
06.02.2025 08:54
29 января в стенах библиотеки состоялось мероприятие «Заходи! Смотри! Читай!», объединившее любителей книг и ценителей литературы. Библиотекарь Нина Корякина провела...
06.02.2025 08:51
Более 45-ти лет посвятила себя птицеводству Вишниченко (Функ) Наталья Григорьевна, жительница с. Майское.Наталья Григорьевна родилась 30 января 1961 года в...
06.02.2025 08:49
В нашей постоянной рубрике «Человек труда» мы говорим о тех, кто своим примером безупречного труда доказал, что можно заниматься любимым...
06.02.2025 08:40
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияған бастамасы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық, кәсіптік...
06.02.2025 08:37
Салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайту аясында Тобыл жалпы білім беретін мектебінде ата-аналары, мұғалімдері және оқушылары...
06.02.2025 08:36
Дін саласы – аса нәзік, ұқыптылықты қажет ететін, руханияттың өзегі болған маңызды бағыт. Осы орайда, дін мамандарының жан-жақты, білікті болуы...