Ер азаматтарына жүрек жылуын сыйлады

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_19_18-2018-14.jpgӨткен аптада тобылдық «Думан» мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Концерттік бағдарлама құттықтауларға да, марапаттауға да, тамаша музыкалық тосын-сыйларға да толы болды.

 

«Даймондс» және «Онли экшенс» би топтары, «Қыздар» вокалдық тобы сахна шымылдығы ашылған сәттен-ақ жұртшылыққа көтеріңкі, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Тобыл кенті әкімінің орынбасары Серік Оспанов та барлық жауынгерлер мен сарбаздарды, аталар мен әкелерді, аға-інілерді құттықтап, ер азаматтардың бірқатарын арнайы мадақтамалармен марапаттап, көңілдерін бір марқайтты. Көпшіліктің сөздеріне қарағанда, концерт ойдағыдай өтті, әрі жақсы әсер қалдырған көрінеді. Өнерлерін паш еткен өнерпаздар да, ұйымдастырушылар да жүрек жылуын сыйлай білді.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане