Әскерге бару – кәмелетке толған ер азаматтың Отан алдындағы азаматтық парызы. Осыдан он шақты жыл бұрын әскерден қашу, әскери борышын өтеуден бас тарту деген мәселелер жиі кездесетін еді, қазір керісінше, шақыру келсе, әскерге баруға құлшынатын жастар көбейіп келеді. Солардың бірі – Набережный ауылдық округінің тұрғыны Темірлан Ыбырай.
Темірлан мектеп қабырғасын тәмамдағаннан кейін Қостанай индустриалдық педагогикалық колледжіне оқуға түседі. 2016 жылы қолына диплом алған Темірлан бір жылдай Астанада жұмыс істеп, 2017 жылдың көктемінде әскерге шақырылған болашақ сарбаздардың қатарын толықтырады. Сөйтіп, 21 жастағы жерлесіміз Алматы облысындағы 2484 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарады. «Туған-туысқандарымның қасынан, ауылымнан бар еркелік пен балалығымды үйге тастап, осыншама уақытқа жыраққа шығу оңай болды деп айта алмаймын, әрине. Бұл – еліміздің әрбір ер азаматы үшін қай кезде де атқару керек үлкен міндеті деп түсінемін.Ұзақ жолға аттанар күні анам маңдайымнан иіскеп, «Отан алдындағы борышыңды абыроймен атқарып кел» деп үйден шығарып салған сәтте, Отанға деген зор жауапкершілікті жүрегіммен сезіндім. Шекарада жүргенде баршылық пен тоқшылықтың қадірін түсініп, барыңды бағалауды үйренеді екенсің. Өйткені, әскер темірдей тәртіп пен шыдамдылықты талап етеді. Ол жақтың қысы суық, жазы ыстық екен. Бізді алғашқы күндерден-ақ бірден жасаққа жіберген жоқ. Екі ай бойы Үшарал қаласында арнайы оқудан өттік. Содан кейін ғана бізді шекараға жіберді. Туғандарыммен телефон арқылы тілдесіп жүрдім, достарыммен хат жазысып жүрдік. Сол кездері елімнің артқан сенімі мен отбасымның үмітін ақтап, туысқан інілеріме үлгі болудың қаншалықты маңызды екенін сезіндім. Сәуірдің 3-жұлдызында әскери борышымды толық өтеп, аман-есен үйіме оралдым», - дейді Темірлан Асылханұлы. Ол әркімге парыз азаматтық борышын өтегенін мақтан тұтып, болашақта қазағының қамын ойлайтын, пайда ойламай, ар ойлайтын қайсар азаматтарының бірі болуды армандайды.
Жұрт жадында сақталған аңыз, ертегі, даналық сөздерге зер салсақ – қай заманда да туған елін, жерін қорғау ер азаматтардың міндеті болған. Қазір де солай, келешекте де солай болып қала бермекші. Сондықтан, өзін ермін деп есептейтін дені сау әр азамат қашанда Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сол себепті, әскери міндет әрі сенім, әрі абырой дегіміз келеді.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...