Бейімбет Майлин ауданы шекаралас әрі инвестициялық тұрғыдан тартымды өңір болып табылады. Ауданның аумағы 7,6 мың км², ал халық саны бойынша облыстағы басқа аудандар арасында 10-орынды алады. Жыл басында халық саны 21 951 адамды құрады.
Аудан экономикасының негізін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құрайды.
Жыл басынан бері аудан халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда – бұл таза ауызсумен, жақсы жолдармен, жарықтандырумен, интернетпен, жайлы мектептермен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары.
Асенкритовка ауылында жерасты көзінен тартылатын су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны – 777 млн теңге.
Николаевка ауылында жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы басталды, биылғы жылы осы мақсатқа 818 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Николаевка ауылына газ тарату желілерін салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Тобыл кентінде үш жылдық су тазарту станциясы мен ІІ көтеріліс станциясына дейін магистральді су құбырының құрылысы жалғасуда. Құны – 1,7 млрд теңге.
Тобыл кентіндегі магистральді, таратушы және ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, бұл мақсатқа 13 млн теңге көзделген.
Аудандық маңызы бар және ауылішілік автожолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге биыл айтарлықтай қаржы бөлінді.
«Тобыл-Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка» автожолының 10 шақырымдық учаскесінің жөндеу жұмыстары қайта басталды, оған 720 млн теңге бөлінді.
Аталған жолдың тағы бір 10 шақырымдық жаңа учаскесін жөндеуді жалғастыру үшін 420 млн теңге қарастырылған.
1,5 км ұзындықтағы «Тобыл-Айет» автожолын орташа жөндеуге 91,5 млн теңге бөлінді.
Ұзақ жылдардан кейін алғаш рет шағын ауыл жол учаскелеріне де назар аударылуда.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Николаевка ауылындағы Комсомольская көшесін, ауыл шыға берісін, Кызылжар ауылындағы Набережная және Пионерская көшелерін, Варваринка ауылындағы Центральная көшесін жөндеуге 259 млн теңге бөлінді.
Красносельское ауылындағы Красносельская көшесіне – 90 млн теңге, Набережное ауылындағы Жангаскин көшесіне – 32 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу шарттары мердігерлермен жасалған.
Сонымен қатар, келесі елді мекендерде көшелерді жөндеуге қаржы қарастырылған: Әйет ауылында – 218 млн теңге, Красносельское ауылында – 43 млн теңге, Байшуақ ауылында – 76 млн теңге, Юбилейное ауылында – 137 млн теңге, Тобыл кентіндегі 5 көшеге – 84,3 млн теңге.
Тротуарларды абаттандыру үшін Әйет ауылында (Республика және Е. Омаров көшелері) – 30 млн теңге, Тобыл кентінде – 27 млн теңге бөлінді.
«Әйет-Май» әлеуметтік маңызы бар бағытты субсидиялауға 14,5 млн теңге бөлінді.
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту мақсатында Максут ауылында биіктігі 30 метр, Оренбургское ауылында 40 метрлік антенна-мачталық құрылыстар салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді.
Барлық ауылдық округтерде көше жарығын жаңғыртуға 60 млн теңге бағытталды.
Иесіз, апатты, тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуға 6 ауылдық округ пен Тобыл кентінде 65 млн теңге бөлінді.
«Варваринское» АҚ қолдауымен аудан орталығында 28,5 млн теңгеге саябақ аймағын, Асенкритовка ауылындағы жаңа мини-футбол алаңы маңындағы аумақты 13 млн теңгеге абаттандыру жоспарланған.
Білім беру саласында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Майское жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу басталды. Жобаның құны – 482 млн теңге.
Сонымен қатар, мектепке жиһаз, құрал-жабдықтар мен химия, биология және физика пән кабинеттері сатып алуға 38 млн теңге жоспарланған.
Юбилейная мектебіне ағымдағы жөндеу жүргізуге 28,5 млн теңгеге шарт жасалды, Тобыл жалпы білім беретін мектебін жөндеуге 41,6 млн теңге бағытталады.
4 мектепке асхана жабдықтары – 3 млн теңгеге, 7 мектеп кітапханасына жиһаз – 10 млн теңгеге сатып алынады.
16 интерактивті панель сатып алуға 17,5 млн теңге көзделген.
«Қазақстан халқына» қоры аясында Б. Майлин атындағы мектепке 249 млн теңгеге, Асенкритов, Красносельск, Юбилейная, Тобыл №2 және Сапар Ерғалиев атындағы мектептердегі 10 кабинетке 8,5 млн теңгеге жабдықтар сатып алу жоспарланған.
Спорт саласында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Әйет ауылында спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 82 млн теңге бөлінді.
Мәдениет саласында «Варваринское» АҚ есебінен Майское ауылындағы Мәдениет үйінің шатырына екі жылдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құны – 18 млн теңге.
Аудандық бюджет есебінен аудандық Мәдениет үйінің жұмсақ шатырына жөндеу жүргізілді – 6,8 млн теңге.
Денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және АӨК салаларында жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін 125 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие 14 маманға берілмек, сондай-ақ 30 маманға 393 200 теңгеден көтерме жәрдемақы төлеуге 12 млн теңге қарастырылған.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ерекше назар аударылуда.
Мекенжайлық әлеуметтік көмекпен 79 адам тұратын 16 отбасы қамтылды, оның ішінде 54-і – балалар. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай отбасылар саны 4-ке азайды.
Әлеуметтік көмек алушылардың 8 отбасы – көпбалалы, оларда 37 бала бар.
Әлеуметтік бағдарламаларға қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға немесе 45 млн теңгеге артып, 272 млн теңгені құрады.
Аудан экономикасын дамыту үшін бірқатар инвестициялық жобаларға бастама берілді:
«Варваринское» АҚ күн электр станциясын (22,6 МВт) салуды жоспарлауда. Бұл кәсіпорынның электр энергиясына сұранысын жабуға мүмкіндік береді. 29 жұмыс орны ашылады.
Газпоршеньді электр станциясы (40 МВт) да жобалануда. Ол түнгі уақытта энергиямен қамтуға арналған. 34 жұмыс орны ашылады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар:
«GreenTerra» ЖШС 1,3 млрд теңгеге егістік алқаптарға суару жүйесін салып жатыр, әрі қарай 1,5 млрд теңгеге 1 500 га жерді игеру жоспарланған.
«РПК KENDERLI GROUP» 210 млн теңгеге торлы типтегі балық өсіру шаруашылығын салуда. Жоба қуаты – жылына 50,4 тонна (форель, тұқы). Іске қосу мерзімі – 2025 жылғы желтоқсан.
«Матай Агро» ЖШС Павловка ауылында 800 бас ІҚМ-ға арналған сүт-тауар фермасын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны – 4,6 млрд теңге, қуаты – жылына 6,4 мың тонна сүт.
«ЖК Ленинское» ЖШС 4,9 млрд теңгеге шошқа кешенін селекциялық-генетикалық орталық ретінде жаңғырту және кеңейту жобасын іске асырады. Ол Индустрияландырудың Бірыңғай картасына енгізілген.
2025 жылғы 28 мамырда аудан әкімдігі мен «TULPAR RAIL TECHNOLOGIES» ЖШС арасында 25 млрд теңге сомасына вагондарды жөндеу депосы мен қосалқы бөлшектер шығаратын цех салу туралы меморандумға қол қойылды. 200 жұмыс орны ашылады.
«TOBOL CENTER KZ» ЖШС маусым айында Тобыл кентінде 10 млрд теңгеге астық, майлы дақылдар, көкөністерді сақтау мен қайта өңдеуге арналған өндірістік кешен мен көлік-логистикалық орталықтың құрылысын бастайды.
Сондай-ақ биыл «KST BETON 2022» ЖШС 550 млн теңгеге құрылыс материалдары зауытын салуды жоспарлауда.
«Трэйд Петролиум» ЖШС Юбилейное ауылында 450 млн теңгеге жанармай құю станциясын пайдалануға береді.
Аталған жобаларды іске асыру – аудан экономикасының дамуына, бюджет кірістерінің артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...
26.06.2025 09:57
28 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник журналистов. Так подчеркивается особая роль работников СМИ в развитии общества.Несомненно, труд работников СМИ...
26.06.2025 09:55
В современной системе дополнительного образования особое место занимают педагоги, сохраняющие и передающие традиции национального искусства.Один из ярких представителей этой профессии...
26.06.2025 09:54
Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.2018 жылдан бері шілде айының...
26.06.2025 09:42
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -Тобыл тұрғыны, зейнеткер,теміржол саласынаеңбегі сіңгенқұрметті теміржолшы,Б.Майлин ауданыныңқұрметті азаматы. Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын...
26.06.2025 09:40
Шілде айының бірінші жексенбісі – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінің алтын діңгегіне айналған Домбыра күні. Бұл күн - халқымыздың...
26.06.2025 09:39
Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың...
26.06.2025 09:37
Продолжается реализация программы КРI, утвержденной акимом области, в рамках которой творческие коллективы домов культуры и центров досуга выезжают по сельским...
26.06.2025 09:35
Николай Федорович Горбань – личность, которая по праву считается образцом человечности, порядочности и педагогического мастерства. Многие помнят его, следуют его...
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...