Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.
2018 жылдан бері шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» ретінде аталып өтеді. Домбыра - ата-бабаларымыздың мұрасын, шежіресін, салт-дәстүрі мен арман-тілегін үнмен өрнектеген қасиетті аспап. Қос ішектің үнімен бабалар үні, ғасырлар сарыны жаңғырып тұрады. Бұл күн – өнерпаздарды ұлықтап, ұрпаққа ұлттық музыканың қадірін түсіндіретін ерекше мереке. Бүгінде домбыра үйренуге ниетті жастар қатары көбейіп келеді. Мектептер мен мәдениет үйлерінде домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Бұл – халқымыздың болашаққа деген сенімі мен рухани байлығын сақтаудағы үлкен қадам. Ұлттық өнерімізді ұлықтап, төл аспабымыз – домбыраны өскелең ұрпаққа насихаттауда ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан ардақты жан – Бірмұхан Мырзағазы Хасенұлы. Ол – қазақ мәдениетінің нағыз жанашыры, өмірін өнермен өрген домбыра ардагері. Мырзағазы Хасенұлының домбыраға деген сүйіспеншілігі ерте жастан басталған. Ауылдың қарияларынан күмбірлеген күй мен термелерді естіп өскен ол, өнерге біржола ден қойды. Уақыт өте келе бұл қызығушылық мамандыққа, ал мамандығы өмірлік жолына айналды. Домбырашы, ұстаз Мырзағазы Хасенұлы №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі. Мектепте домбыра үйірмесінің жетекшісі ретінде 2023-2024 жылдары тұрақты жұмыс істейді. Қарамағындағы 15 шәкіртке домбыра тартуды, күйлерді үйретеді. Осы аз уақыттың ішінде Полька, Келіншек, Жастар биі, Желдірме,Тепең көк, Нәр ағашы, Балбырауын, Ерке сылқым, Әлқисса күйлерін балаларға үйретіп, мерекелерде мектеп сахнасында, ашық сабақтарда, Мәдениет үйі сахналарында шәкірттерімен бірге өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықылас қошеметіне бөленіп жүр.
Бұл Мырзағазы ұстаздың домбыраға деген ыстық ықыласын және шәкірттерімен бірлесе ұлттық өнерді дәріптеп жүргенін көрсетеді. Домбыра тартып, күй үйрету арқылы шәкірттердің мәдениетке деген құштарлығын арттырады. Ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Жас ұрпақтың ұлттық аспапқа қызығуын оята отырып, салт-дәстүрге құрмет дамытуға үлес қосады. Мырзағазы Хасенұлы - жас домбырашыларды тәрбиелейтін жанашыр ұстаз, бүгінгі жастарға үлгі болатын тұлға. Ол үшін домбыра - жай ғана аспап емес, ол - ұлттың жаны, тарихы, тілі. Өнер жолындағы табандылығы, шәкірт тәрбиесіндегі еңбегі – нағыз ардагерлікке лайық. Домбыра ардагері Мырзағазы Хасенұлындай азаматтар барда ұлттық өнеріміз ешқашан өлмейді, қайта жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді.
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...
26.06.2025 09:57
28 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник журналистов. Так подчеркивается особая роль работников СМИ в развитии общества.Несомненно, труд работников СМИ...
26.06.2025 09:55
В современной системе дополнительного образования особое место занимают педагоги, сохраняющие и передающие традиции национального искусства.Один из ярких представителей этой профессии...
26.06.2025 09:54
Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.2018 жылдан бері шілде айының...
26.06.2025 09:42
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -Тобыл тұрғыны, зейнеткер,теміржол саласынаеңбегі сіңгенқұрметті теміржолшы,Б.Майлин ауданыныңқұрметті азаматы. Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын...
26.06.2025 09:40
Шілде айының бірінші жексенбісі – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінің алтын діңгегіне айналған Домбыра күні. Бұл күн - халқымыздың...
26.06.2025 09:39
Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың...
26.06.2025 09:37
Продолжается реализация программы КРI, утвержденной акимом области, в рамках которой творческие коллективы домов культуры и центров досуга выезжают по сельским...
26.06.2025 09:35
Николай Федорович Горбань – личность, которая по праву считается образцом человечности, порядочности и педагогического мастерства. Многие помнят его, следуют его...
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...