Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың бірден –бір құралы - ҚАЗТЕСТ жүйесі жүйелі өзгерістерге ұшырап, қайта жаңартылуда. Осы орайда, 26-қыркүйекте «ҚАЗТЕСТ жүйесі:жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық оқыту семинар жұмысы өткізілді.
2006 жылдан бері елімізде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілді оқыту барысында тест арқылы тілдік білімді бағалау тәсілі тілдік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Еліміздің өңірлерінде тілдік құзыреттілікті тест арқылы бағалау қаншалықты тиімді? Тест технологиясының 10 жылдық тәжірибесі оның сөйлеу қабілеті мен дағдыларын тиімді және сапалы қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді. Бұл сөйлеу әрекетінің тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым,жазылым түрлері бойынша меңгеру деңгейін анықтау кезінде отандық жүйенің жоғары рөлі мен әлеуметтік маңыздылығын дәлелдейді.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің бүгінгі жай-күйі, жүйені енгізу тәжірибесі, жетістіктері мен даму жолдары, әлемдік тілдік білімді бағалау жүйелерімен байланысты. Кез-келген қызметті, білім беру қызметін немесе өнімдерді, жүйелерді немесе емтихандарды дамыту мен жетілдіру үнемі өзгеруді, практикалық іске асыру барысында анықталатын тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Сондықтан, соңғы жылдары жүйеде болып жатқан жаңалықтар, оның ішінде ҚАЗТЕСТ-тің жаңа форматқа көшуі жиі айтылуда. Облыс орталығында ұйымдастырылған семинар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Мәншүк Мұқаметқали қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ-тің бүгінгі жай-күйі, тілдік білімді бағалаудағы рөлі жөнінде баяндап, ҚАЗТЕСТ-тің жаңа форматы жөнінде кеңінен талқылады. Семинарға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қызметкерлері және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен әдіскерлері қатысты. Ал, семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, бүгінде тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін өткізіліп жатқан ұлттық тестілеуге ауданымыздың мекеме басшылары мен қызметкерлері және ауылдық округтердің басшылары мен қызметкерлері жақсы атсалысуда. Мұның өзі жақсы нәтиже деп ойлаймын.
05.06.2025 12:08
В канун Дня защиты детей АО «Варваринское» организовало для ребят праздник и подарило детворе Асенкритовского сельского округа сладкие подарки.
05.06.2025 07:52
Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде халық театрының ұсынуымен Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақын тағдыры» атты реквием-спектакль қойылды.
05.06.2025 07:51
Жительница сельского округа Байшуқ Ижбульдина Раиса Маликовна известна всем как активный участник всех мероприятий села, района и области. Она благодарна...
05.06.2025 07:50
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тобыл кентінде балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн балғындарға қуаныш сыйлап, естен...
05.06.2025 07:49
1 июня центральная площадь с. Айет превратилась в настоящий остров радости - с яркими красками, звонким смехом и детским восторгом....
05.06.2025 07:48
4 июня отмечается День государственных символов. Этот праздник посвящен Дню утверждения флага, герба и гимна Республики Казахстан.
05.06.2025 07:46
Церемония награждения победителей и призеров международных научных, спортивных и творческих состязаний «Ты лучший!» состоялась 1 июня в SMART-центре IQostanay. Лучшие...
05.06.2025 07:44
Бахыт Байканова, сотрудник МРЦ:Районная газета - вестник родных мест: узнаю новости, читаю о людях нашего района. Особенно нравятся материалы о...
05.06.2025 07:42
Есжанов Талғат Амантайұлы – теміржолшы, Тобыл теміржол байланысы бөлімінің бастығы: Өз өңірінің жаңалықтарынан үнемі хабардар болғысы келетін оқырмандар үшін газет –...
05.06.2025 07:40
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода. Эта дата в нашей стране отмечается с 1997 года. В...
05.06.2025 07:39
28 мая 2025 года в акимате района Беимбета Майлина состоялось подписание меморандума о сотрудничестве с ТОО «TULPAR RAIL TECHNOLOGIES» (г....
04.06.2025 10:11
С целью разъяснительной работы на тему «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия 30 мая 2025 года в нашем районе...
29.05.2025 09:48
В рамках реализации государственных программ, оказания консультативно-правовой помощи и реализации программ, направленных на решение вопросов по поступлению на государственную службу...
29.05.2025 09:46
1930–1950 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін қазақстандықтардың тағдырына ауыр соққы болып тиді.Бұл нәубет мыңдаған жазықсыз адамдарды ғана емес, олардың ұрпақтарын да...
29.05.2025 09:45
Ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. Это день памяти невинно погибших в эпоху сталинского режима...
29.05.2025 09:43
Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын...
29.05.2025 09:42
23 мая во дворе общеобразовательной школы имени Беимбета Майлина прозвенел последний звонок для учеников 9-х и 11-х классов. Волнующее и...
29.05.2025 09:41
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында тәлім сәт өтті.2025 жыл...