Нан – адамзаттың басты құндылығы, ол молшылықтың және әл-ауқаттың белгісі. Дастарханымызда ас атасы мол болған сайын еліміздің берекесі тасып, ырысы молаятыны белгілі. Тобылдықтарды ыстық нанымен тойдырып, халықтың алғысына бөленіп жүрген кәсіпкер азаматтарымыздың еңбегін елемеуге болмайды.
Наубайхана кент орталығында, халық көп шоғырланған аумақта орналасқан. Иә, наубайханадағы тәбетіңді ашатын ыстық нанның иісін сезінбеген тобылдықтар мен қонақтар жоқ шығар. Міне, береке деген осы емес пе?! Әрине, мақсатымыз наубайхана жұмысымен танысу, ел аузындағы дәмді нанның құпиясын білу болды. Наубайхана ішінде қызу жұмыс. Бір кісі қамыр илеп жатса, екіншісі дайын қамырды қалыпқа салып, пешке орналастырып әлек. Кент тұрғыны Светлана Гоптарева– наубайхана жұмысын дөңгелентіп, халықты тәтті тоқаш, ыстық нанмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің бірі. Қазір тұрғындар пештен шыққан ыстық нанды қаладан күтпейді. Тобылдағы жалғыз ғана шағын наубайхана жергілікті халықты нанмен қамтамасыз етіп отыр. «Ыстық нан» наубайханасы 24 сағат жұмыс істейді. Өндіріс үзіліссіз. Өйткені сұраныс жоғары. Наубайхана нан пісіруге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Наубайхана санитарлық талаптарға толықтай сай.
Наубайхана жұмысшылары төрт ауысымда екі адамнан тәулік бойы еңбек етіп, тұтынушыға пештен жаңа шыққан нан өнімдерін: 1-2 сортты бөлке нан, ыстық нан мен тәтті бал, қант,мейіз, көкнәр тоқаштары, сонымен бірге әр түрлі тағам бәліштер (пицца, кулебяка, сосиски, чесночные булочки) ұсынып келеді. Жұмыс барысында мамандарымыз барлық технологиялық талапты сақтай отырып, өнім сапасын түсіретін, тұтынушы талаптарына қайшы асығыс қарекеттерге жол бермейді. Шебер маман Айтбаева Виктория Викторовна наубайхана іске кіріскен 2017 жылдан бері жұмыс істеп жүр.
- Мамандарымыздың біліктілігі тұтынушылар алдындағы беделіміздің жоғарылап, біздің өнімдерге сұраныстың артуына көп ықпал етіп отыр. Көпшілігі жұмысы ауыр ғой деп жатады. Алайда несібе өздігінен келе бермейді. Тура жүріп, адал еңбек етсең ғана түбі қайтарымы болады. Өз жоспарымыз бар. Адал еңбек бар жерде береке де бар. Бұл өмірде береке мен бірліктен, өзгені қуанту мен алғыс алудан артық нәрсе жоқ. Менің наубайханамның жұмысының алға басуына да себепші – халық.
Өнімімді мақтап, тұрақты тұтынушыларыма айналған тұрғындарға алғысым шексіз, – дейді наубайхана басшысы Светлана Васильевна.
Аядай ғана ғимаратта күніне 500 және одан да көп бөлке нан пісіріледі.
Қазіргі таңда кішігірім кәсіп ашып, оның жұмысын одан әрі жандандырып, санаулы уақыт ішінде іргелі кәсіпорынға айналдыруға ешқандай кедергі жоқ. Бұл ретте бастысы қаражат емес, білім мен бірлік. Осылайша өңірде кәсіптің көзін таба білгендердің әл-ауқаты жақсарып, ауданымыздың экономикасы арта түспек. Өзінің туған жеріне жанашырлық танытып, ісін өркендетіп, елге пайдасын тигізіп жүргендерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бастапқыда кез келген кәсіпте қиындықтар кезігері анық. Жұмысты бастар кезде әр кәсіпкердің басынан өтер жайт бұл. Алайда кейіпкеріміз табыстың сыры төзімділікте екенін айтады. Ең бастысы «Нан болса, ән де болатыны» көкейіне құйып алған. Болашаққа бағыттаған жоспары да көп. Мақсаты – айқын, ниеті бекем. Наубайхана сапалы өнімдерімен қуанта берсін!
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...
26.06.2025 09:57
28 июня в Казахстане отмечается профессиональный праздник журналистов. Так подчеркивается особая роль работников СМИ в развитии общества.Несомненно, труд работников СМИ...
26.06.2025 09:55
В современной системе дополнительного образования особое место занимают педагоги, сохраняющие и передающие традиции национального искусства.Один из ярких представителей этой профессии...
26.06.2025 09:54
Домбыра күні – қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырынан нәр алатын ерекше мейрам.2018 жылдан бері шілде айының...
26.06.2025 09:42
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы -Тобыл тұрғыны, зейнеткер,теміржол саласынаеңбегі сіңгенқұрметті теміржолшы,Б.Майлин ауданыныңқұрметті азаматы. Уақыт алға жылжыған сайын адам баласының өткені мен бүгінін байланыстыратын...
26.06.2025 09:40
Шілде айының бірінші жексенбісі – қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен өнерінің алтын діңгегіне айналған Домбыра күні. Бұл күн - халқымыздың...
26.06.2025 09:39
Домбыра – ғасырлар тереңінен жеткен ұлы мұра, ұлттық өнердің алтын діңгегі. Оның қоңыр үні сайын далада еркін көшіп жүрген бабаларымыздың...
26.06.2025 09:37
Продолжается реализация программы КРI, утвержденной акимом области, в рамках которой творческие коллективы домов культуры и центров досуга выезжают по сельским...
26.06.2025 09:35
Николай Федорович Горбань – личность, которая по праву считается образцом человечности, порядочности и педагогического мастерства. Многие помнят его, следуют его...
23.06.2025 15:34
«Бүгін елімізде – Полиция күні және Мемлекеттік қызметші күні аталып өтуде. Сондықтан, алдымен, еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби...
19.06.2025 14:47
В Астане начался саммит «Центральная Азия – Китай»В Астане проходит важное международное событие – второй саммит «Центральная Азия – Китай»....
19.06.2025 12:39
Домбыра – қазақ халқының ғасырлардан жеткен рухани мұрасы, ұлттың жанын тербеткен киелі аспап. Ал шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра...
19.06.2025 12:39
11 июня в центре досуга села Красносельское прошел отчетный концерт вокального коллектива «Селяночка», который совпал с его 18-летием. За эти годы...