Желтоқсанның 29-шы жұлдызында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Жаңа жыл мерекесіне арналған «Көңілді старт» эстафетасы мен шағын футболдан жарыс өтті. Аудан ұйымдарының арасында кім үздік нәтиже көрсетті?
Салтанатты түрде ашылған спорттық додада сөз сөйлеген аудан әкімі Қуандық Испергенов: «Құрметті жарысқа қатысушылар! Келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын! Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Жолдауында Қазақстан халқының тұрғындарын спортқа тартуға ерекше назар аударып, салауатты өмір салтының ұлт денсаулығының кілті болып табылатындығын атап өткен болатын. Командалар арасындағы бүгінгі кездесудің жаппай спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосатындығы сөзсіз», - дей келе, қатысушыларға сәттілік тіледі, мекемелер арасындағы жарысты ашық деп жариялады. Мәдениет үйінің өнер иелері әндерін паш етсе, күтпеген жерден келген Аяз ата мен Ақшақар ұйым, мекеме қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Эстафетада әлеуметтік сала, білім беру, мәдениет салаларының, аудан әкімі аппаратының, аудандық аурухананың қызметкерлерін қамтыған алты команда сынға түсті. Бірнеше кезеңдерден тұратын эстафетада денелерін әбден шынықтырған қатысушылардың әрқайсысы да жарыстың соңына дейін қарсыластарын озып шығу үшін барынша тырысты. Ұйымшылдық танытып қана қоймай, шапшаңдығымен, ептілігімен жоғары ұпайларға ие болған командалар бірден көзге түсті. Ал, жақында ғана бой көтерген шағын спорт алаңшығында аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің, «Тобыл» МКМ-нің және ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларының құрама командаларының қатысуымен өткен шағын футболдан қызу жарыс өтті. Күннің суықтығына қарамастан, ойында белсенділік танытқан футболшылар екі жарым сағат уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалды. Нәтижесінде 1-орынды аудан әкімдігі жеңіп алса, 2-орынға полиция бөлімі, 3-орынға ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларының құрама командасы ие болды. Эстафета қорытындысы бойынша 1-орынды қанжығасына ақ халаттылар иеленсе, 2-орынға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, 3-орынға әлеуметтік саланың командалары орнықты. Жүлделі орын алған командалардың барлығы да салтанатты түрде мадақтамалармен марапатталды.
08.10.2026 14:47

«Әділет Керуені»: өңір тұрғындарына тегін кеңес берілді Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында «Әділет Керуені» партиялық акциясы...
08.10.2026 12:29

В районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялось торжественное мероприятие, посвящённое одному из самых добрых и значимых профессиональных праздников -...
08.10.2026 12:26

Профессия педагога - это не просто работа, а призвание, требующее знаний, терпения, творчества и огромной любви к детям. Особенно важно...
08.10.2026 12:25

1 октября в РДК им. Е. Умурзакова состоялся праздничный концерт, посвященный Международному дню пожилого человека. Он прошел под девизом «Үлкенге...
08.10.2026 12:18

В большом зале районного акимата провели на заслуженный отдых Валентину Павловну Ересько - человека, чья трудовая биография неразрывно связана с...
08.10.2026 10:12

У любителей футбола в п. Тобол появилось новое место для тренировок и активного отдыха. 2 октября здесь состоялось открытие современной...
08.10.2026 10:10

Еңбек – адамды биіктетіп, абыройын асқақтататын ұлы құндылық. Ал сол еңбегін бала тәрбиесі мен біліміне арнаған жандардың қоғамдағы орны ерекше. Осындай...
08.10.2026 10:06

Есть профессии, которые становятся не просто делом жизни, а настоящим призванием. Учитель - одна из них. Это особая ответственность, ведь...
08.10.2026 10:04

Осенью мы отмечаем самые значимые праздники. Одними из них являются День учителя, День воспитателя и особенно хочется сказать слова благодарности тем,...
08.10.2026 10:02

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл – өмірдің талай белесінен өтіп, кейінгі ұрпаққа мол тәжірибесі мен тағылымын қалдырған аға...
08.10.2026 10:00

В селах Береговое, Асенкритовка, Майское прошли праздничные мероприятия, посвящённые Дню пожилого человека. Этот день стал прекрасным поводом сказать слова благодарности...
08.10.2026 09:22

5 октября сотрудники уголовного розыска отмечают профессиональный праздник. В этом году службе исполняется 108 лет. За это время менялись характер...
08.10.2026 09:21

Традиционную осеннюю экологическую акцию провели специалисты ТОО «Варваринское». Акваторию реки Аят вблизи села Варваринка пополнили 10 тысяч сеголеток карпа. Молодь доставили...
08.10.2026 09:19

Уже более четверти века жителям района хорошо знакома продукция пекарни ИП «Черных» в с. Майское. Ее глава Игорь Кириллович Черных...
07.10.2026 06:47

«Өскенде кім боласың?» деген сұрақты бала кезімізде бәріміз естідік. Ол кезде жауап та дайын: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, спортшы... Уақыт өте келе...
06.10.2026 09:21

Қостанай қаласында экологиялық таза такси қызметі жұмысын бастады. Жобаның алғашқы кезеңінде жергілікті өндірістің 65 электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі 488...
06.10.2026 09:20

В Костанае запустили сервис эко-такси В Костанае начал работу новый сервис экологичного такси. На первом этапе в рамках проекта приобретено 65...
05.10.2026 08:42

Өткен аптада өңірлерде бірқатар нысандар ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіп әлеуетін арттыру, көлік...