Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде?
– Қазақстан жастары - ел болашағының басты тірегі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ерекше атап өткен болатын. Осы бағытта Тобыл кентінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Кент халқының шамамен 1734-ін жастар құрайды, бұл - үлкен әлеует. 2023 жылы құрылған «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығы осы әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында жұмыс істеп келеді. Орталықтың басты мақсаты – жастардың жаңа идеяларын қолдау, олардың бастамаларына жол ашу және жан-жақты дамуына жағдай жасау. Біз тек іс-шара өткізумен ғана шектелмейміз, сонымен қатар жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға күш саламыз.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін түрлі спорттық жарыстар, мәдени кештер, форумдар мен кездесулер өткізіледі. Сонымен қатар патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлініп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру бағытында іс-шаралар ұйымдастырылады. Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың алдын алу жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Аға буын мен жастар арасындағы байланысты нығайту арқылы тәрбиелік мәні бар жобалар жүзеге асырылуда.
– Жастарды қолдау және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында қандай нақты жұмыстар атқарылды?
– Біздің орталық жастардың тек білім алып, дамуына ғана емес, олардың қоғамға пайдалы болуына да ерекше мән береді. Осы бағытта волонтерлік жұмыстар қарқынды дамып келеді. Мысалы, қарттар мен жалғызбасты азаматтарға тұрақты көмек көрсетілді. Бұл жастардың жанашырлық қасиеті айқын көрінді. Әлеуметтік және мәдени бағыттағы көптеген акциялар мен челлендждер ұйымдастырылды. Жас отбасылар арасында турслеттер өткізіліп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл шаралар тек демалыс емес, сонымен қатар жастар арасында сыйластық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Жастарды жұмыспен қамту да басты назарда. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жаз айларында жастар маусымдық жұмысқа тартылды. Бұл олардың еңбекке араласуына, тәжірибе жинауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар ірі кәсіпорындармен бірлесіп экскурсиялар ұйымдастырылып, жастарға болашақ мамандығын таңдауға бағыт берілді. Экологиялық бағыттағы жұмыстар да қарқынды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбіліктер өткізіліп, ауыл-аймақтар тазартылды. «Белгісіз солдат» ескерткішінің маңына ағаш отырғызу сияқты игі істер жүзеге асырылды. Мұндай бастамалар жастардың табиғатқа және туған жерге деген жауапкершілігін арттырады.
– Жастардың жетістіктері мен алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз.
– Жастарымыздың жетістіктері біз үшін үлкен мақтаныш. Тобыл кентінің жастары жыл сайын «Алтын жастар кітабына» еніп келеді. Сонымен қатар белсенді жастар аудан әкімінің алғыс хаттары мен марапаттарына ие болып жүр. Бұл – олардың еңбегінің бағалануы әрі басқа жастарға үлгі. Орталық ашылғалы бері бірқатар оң өзгерістер байқалып отыр. Жастардың белсенділігі артып, қоғамдық өмірге араласуы күшейді. Бұл өзгерістерді тек біз емес, ауыл тұрғындары да байқап, оң бағасын беруде. Алдағы уақытта да жастарға барынша қолдау көрсетіп, олардың жаңа бастамаларын жүзеге асыруға жағдай жасай береміз. Әсіресе, білім, кәсіпкерлік, волонтерлік және патриоттық бағыттағы жобаларды дамыту жоспарымызда бар. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, саналы, білімді, елжанды ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсатымыз.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...