«Ихсан және жастар» атты танымдық кездесу

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_10_13.jpgОсындай тақырыпта аудандық «Әйет» мешітінде жамағатпен кездесу өтті.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» ұйымдастыруымен аудан мешітіне облыс имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет және Рудный қаласының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Уалиев келіп, жамағатпен кездесу өткізді. Жамағатқа уағыз айтып, ой-пікірлерімен бөлісе отырды. Сонымен қатар, ауданымыздың «Әйет» мешітіне муфтидің бұйрығымен Ислам Хамзин мырзаны имам етіп тағайындады. Осыдан 1 жыл уақыт ішінде ауданымызда имам болған Ислам мырза, биыл жамағатқа қайта оралды. Бақытбек қажы Нұрғабылұлы сондай-ақ, Тобыл кентіндегі «Ажар» мешітіне барып шықты.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане