Отанның патриоты болу - басты парыз

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_18_18-2021_2.jpg«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне ерекше сүйіспеншілікті білдіреді. Туған жері мен Отаны бар азамат


Осындай елінің патриоты, біздің ауданымыздың қадірлі азаматы Сәкен Тұрысбекұлы туралы сөз қозғайтын боламыз. Сәкен Тұрысбекұлы - "Заң. Ұстамдылық. Құрмет" символикалық жазуы бар медальмен марапатталды.
Сәкен мырза 1988 жылы қыркүйек айында Қостанай облысына қоныс аударған. 1989 жылы КСРО ІІМ Уфа жоғары мектебіне оқуға түскен.
-1993 жылдан бастап ИК-161/3-ның жедел қызметкері болып жұмыс істедім. Сонымен қатар, 1993-1996 жылдар аралығында Таран аудандық прокуратурасында тергеуші болып қызмет етуімді жалғастырдым. Жалпы айтқанда, өмірліке те еңбек жолында да тәжірбием мол десем болады. «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан тусын» деген халық даналығы. Елін сүйетін, елге адал қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеу жолында көптеген игілікті істер атқарылып келеді. Сол жолда өзімде еңбек еттім десем болады. Елдің тыныштығын ойлап, қаншама жас сарбаздарымыз қазіргі таңда ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді,- дейді Сәкен мырза.
Сәкен Тұрысбекұлы 2016 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ауданымыздың жеке сот орындаушысы ретінде тұрғындарға танымал. Сәкен мырзаның еңбек жолына шолу жасасақ, таңқалмасқа болмайды. Атқарған еңбектері өзідігенше қиын әрі жауапты екенін байқауға болады. Таран ауданы прокуратурасының тергеушісі, Таран ауданы мемлекеттік тергеу комитетінің аға тергеушісі, Таран ауданының полиция органдарындағы аға тергеуші, Маңғыстау облысы салық полициясының аға тергеушісі, Маңғыстау облысы ИК-86 жедел бөлімінің жедел уәкілі болып қызмет атқарған.
Алынған награда сот жүйесіндегі және еңбек өмірбаянындағы қазіргі жұмыспен ішінара байланысты, бұл өткеннің сіңірген еңбегінің көрінісі. 1990 жылғы 13 ақпан мен 13 сәуір аралығында Таулы Қарабақ автономиялық облысының және Әзірбайжан КСР-нің іргелес аудандарының төтенше жағдай аймағындағы әскери жедел топ құрамындағы әскери операцияларға қатысқанының айқын көрсеткіші. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322 "Ардагерлер туралы" Заңының негізінде Сәкен Тұрысбекұлы ұрыс қимылдарының ардагері болып табылады, ал медаль – оның құрметті дәлелі.
Сәкен Тұрысбекұлын келіп жеткен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтап, отбасына бақыт-береке, жұмысына табыс тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане