Қасиетті Рамазан айының басталуы қарсаңында ауданымызға алғаш рет арнайы екі қари, хафиз келді.
Қари дегеніміз – Құранды оқу ережелеріне сай оқитын діни адамдар. Негізі қари деген сөз араптың оқу деген етістігінен туындаған есім. Қарилар Құранды бастан аяқ жатқа білетін, оқу ғылымын жан-жақты меңгерген, аяттардың мағынасын терең ұғынған жандар.
Ауданға келген екі қари, хафиз Рамазан айы бойы жамағатпен бірге болып, Құран хатым жасайды. Құран хатым етілген мекенде алланың мол сауабы болады. Сондықтан, Рамазан айындағы уақыттарда, мүмкіндігінше, Құран қатым түсірген өте жақсы. Құран хатымды арнайы Құран қарилар түсірсе, нұр үстіне нұр болады. Сондай-ақ, олар сағат 19.00-ден - 21.00-ге дейін «Әйет» мешітінде Құраннан дәріс оқитын болады.
Биыл ауданымызға тұңғыш рет келген қари, хафиздер жас жігіттер. Алтынбек Қайымназар 1994 жылы, Музаффар Каюмов 1999 жылы дүниеге келген. Екеуі де оңтүстік өңірдің азаматтары. Олар «Кауам ад-дин әл-итқани әл-фараби ат-түркистани» республикалық қариларды дайындау орталығының Сабынды ауылындағы филиалы «Ләззат» атындағы медресесінде білім алып жатыр.
Алтынбек Раушанұлы 30 параны жаттап алған, Хафиз атанған азамат. 30 пара дегеніміз – 604 беттік Құранды жаттап алу. Хафиз дегеніміз - Қасиетті Құран Кәрімнің сақтаушысы, Құранды толығымен жадында сақтап алушы.
Музаффар Максудұлы 25 параны жаттап үлгіріпті. Алла Тағаланың қалауымен алдағы жылда 5 пара жаттап бітемін дейді.
Арнайы келген қос қариды Рамазанның алғашқы күнінде жамағатқа таныстырған аудандық «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзин: «Діни басқарманың ұйғарымымен, облысымыздағы өкіл имамның келісімімен екі қари келіп отыр. Ортамызда болып, Құран хатым аударады. Бұл - аса сауапты шара. Сонау алыс - шалғайдан келген бауырымызға құрметіміз ерекше» деп атап өтті.
Шалғайдан келген қари, хафизді тарандық жамағаттар ыстық ықыласпен қарсы алды.
17.04.2025 14:11
«Таза Қазақстан» - бұл Қазақстан Республикасында экологиялық жағдайды жақсарту, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында...
17.04.2025 14:10
Внести свой вклад в чистоту родного края пожелала молодежь нашего района. 14 апреля педагоги и учащиеся старших классов школ района...
17.04.2025 14:07
Әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан Тобыл кенті соңғы жылдары көптеген өзгерістер болды. 2025 жылға қарай кенттің дамуында тағы да бірқатар маңызды жоспарлар...
17.04.2025 14:06
В рамках программы рабочей поездки в Шымкент Касым-Жомарт Токаев посетил Дворец школьников № 2.Учреждение представляет собой современный центр дополнительного образования....
17.04.2025 14:01
В АО «Варваринское» по традиции к Дню геолога провели конкурс профессионального мастерства. Геологи всегда основательно подходят к делу, не спеша...
17.04.2025 14:00
У каждого уважающего себя издания должен быть характер. Не просто стиль, не слог, не модный шрифт - именно характер. Газета...
17.04.2025 13:58
Сборная «Варваринского» принимает участие в турнире по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященном памяти именитого тренера Сергея Ананича. Им...
17.04.2025 13:56
Прививать у учащихся чувство патриотизма к своей родине, развивать навыки военного дела и спортивной подготовки - вот основные цели, которые...
17.04.2025 13:52
Учитель физической культуры Набережной общеобразовательной школы Аманжол Баянбаев принимал участие в районном конкурсе «Лучший педагог физической культуры». Показав отличные профессиональные...
17.04.2025 13:51
Жедел жәрдем - бұл адамның өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде көрсетілетін шұғыл медициналық көмек. Мұндай жағдайларға апаттар, жүрек...
17.04.2025 13:49
Қазіргі таңда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осы бағытта еліміздің полиция қызметкерлері мектептерде оқушылармен...
17.04.2025 13:44
С таким девизом по жизни живут и развиваются участники районного клуба «Активное долголетие».Сегодня, 15 апреля, они собрались в парке и...
17.04.2025 13:41
С каждым годом все больше и больше реализуется программ, направленных на поддержку и развитие молодых людей.С целью развития потенциала среди...
17.04.2025 13:33
В школах района активно ведется работа по военно–патриотическому воспитанию учащихся. С целью укрепления здоровья обучающихся, совершенствования патриотического воспитания, развития волевых...
17.04.2025 13:32
Вместе мы составили продуманный план действий, который позволит улучшить жизнь каждой семьи в каждом городе, районе и селе – отмечено...
17.04.2025 13:24
15 апреля в здании районного Дома культуры состоялся форум активных женщин района Беимбета Майлина.Организаторами данного мероприятия выступили филиал Палаты предпринимателей...
17.04.2025 08:55
Встречи в рамках государственного социального заказа «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия в районе Беимбета Майлина».15 апреля 2025 года...
10.04.2025 10:09
Уже на протяжении трех месяцев в селе Айет работает клуб, который предлагает посетителям окунуться в удивительный мир компьютерных игр. «У...