Өткен аптада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынов - ғасыр саңлағы» тақырыбында өңірлік семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – ұлт ұстазының еңбектерін насихаттау, мерейтойы барысында атқарылған жұмыстар мен тың деректерге жайында мағлұматтар беру, әр өңірден келген ұстаздармен тәжірибе алмасу.
Өңірлік семинарға Жангелді, Амангелді, Әулиекөл, Қамысты, Федоров, Қостанай аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және А.Байтұрсынұлының еңбектерін зерттеп жүрген жас ғалымдар қатысты. Келген қонақтарды Е.Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әйет» ұлт аспаптар ансамбілі күйімен қарсы алды. Пленарлық отырыстың шымылдығын аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева құттықтау сөзбен ашып, семинар отырысына сәттілік тіледі.
Өңірлік семинардың пленарлық отырысы барысында А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университет оқытушысы п.ғ.магистрі Ш.И.Тулегенова «Ахмет ілімі: терминология мәселесі», Арқалық қаласының Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының ғылыми қызметкері Б.Ж.Сағынтаев "Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ музыка мәдениеті", І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Мауданов Абылай «Ахаң жүріп өткен жолмен» экспидициясы. Не көрдің? Не түйдік? ғалымның өмір жолы, ғылыми мұрасы туралы, ғалымның әдістемелік еңбектері, зерттеу экспедициясы туралы баяндама жасап, өздерінің құнды тарихи деректерімен бөлісті.
Аудан бойынша жалпы және орта білім беретін мектептерден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен өңірлерден тәжірибе алмасу мақсатында келген әріптестер екі бағытта, яғни 1-бағыт: «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі оқыту әдістері мен тәсілдер», 2-бағыт: «Қазақ ғылымының алтын бастаулары ретінде ғылыми-теориялық еңбектерінің маңызы» бойынша өз тәжірибелерін ғылыми баяндама, коучинг, шебер-сынып түрлерінде көрсетіп, ойларын ортаға салды.
Өңірлік семинар барысында Алаш қайраткерінің ел келешегі жолындағы өлшеусіз еңбегін дәріптеу, ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру туралы көптеген мәліметтер айтылды. Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды ойларымен бөлісіп, сабақ барысындағы қолданылатын әдіс-тәсілдердің қолданылуы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Түстен кейін семинар отырысы Б.Майлин атындағы ЖББМ базасында секция бағытында жалғасын тапты. Секцияда әр өңірден келген мұғалімдер мен жергілікті ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, білдірмелер жасады.
Өңірлік семинардың қорытындысында қатысушылар аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Келген қонақтар аудан орталығының көрікті жерлерін аралап, Б.Майлин атындағы мұражайдың жәдігерлерімен танысты.
30.04.2025 12:19
Сотрудники навели порядок в цехах, на производственной и прилегающих территориях, в вахтовом поселке. Конечно, на предприятии постоянно поддерживают чистоту, но...
30.04.2025 12:03
Каждый год 17 апреля пожарные Казахстана по старой традиции продолжают поздравлять друг друга с профессиональным праздником, который берет начало в...
30.04.2025 12:02
В рамках празднования Национального дня книги в Центральной районной библиотеке состоялось яркое событие - Библионочь «Кітап – шоу 2025». Этот...
30.04.2025 10:26
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Әйет және Май ауылдарында “AMANAT” партиясы Қостанай облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға партияның облыстық филиалы...
30.04.2025 10:22
Это праздник единства всех народов, проживающих на территории Казахстана. Этот яркий весенний праздник проводится в каждом уголке Казахстана. Огромное значение...
30.04.2025 10:20
Қазақстан – көптеген ұлт пен ұлыстың мекендеген қасиетті мекені. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтың кепіліне айналды.Осы берекелі...
30.04.2025 10:18
В целях популяризации здорового образа жизни районный отдел образования в сотрудничестве с районной прокуратурой организовали и провели акцию, направленную на...
30.04.2025 10:16
1 марта исполнилось 30 лет со дня подписания Указа Президента об образовании Ассамблеи народа Казахстана – уникального института, ставшего основой...
25.04.2025 14:28
Торговля людьми – это глобальная проблема, которая затрагивает жизнь миллионов людей в любой стране мира и лишает их человеческого достоинства....
24.04.2025 13:33
Наши юные солисты продолжают радовать нас своими достижениями. Они представляют наш район на различных конкурсах.Очередной конкурс проведен 16 апреля в...
24.04.2025 13:32
В преддверии Национального дня книги в Майской общеобразовательной школе состоялось вдохновляющее и по-настоящему душевное мероприятие - «Дефиле с любимой книгой»....
24.04.2025 13:31
Главой государства текущий год объявлен годом рабочих профессий. Выступая с Посланием народу Казахстана, Глава государства заявил о важности реформы профессионального...
24.04.2025 13:30
Не одно культурно- массовое мероприятие не обходится без солистов и артистов районного дома культуры.Невероятно талантливые, яркие, артистичные, они дарят нам...
24.04.2025 13:28
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тобыл шекара қызметі бөлімінің сарбаздары мен офицерлеріне арналған мерекелік концерт өтті.Шараны Бейімбет Майлин...
24.04.2025 13:27
Мұғалім - адам өміріндегі ең құрметті әрі жауапты мамандық иесі.Ол тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпақты тәрбиелейді, өмірге жол...
24.04.2025 13:26
В районном центре каждую неделю проводят мероприятия по благоустройству в рамках программы «Таза Қазақстан». Работники учреждений и организаций вышли на...
24.04.2025 13:24
Юные спортсмены продолжают покорять спортивные вершины. В столице нашей республики городе Астана прошел IV Открытый Республиканский турнир по боксу среди...
24.04.2025 13:21
С целью разъяснительной работы на тему «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия в нашем районе были организованы и проведены...